АЛҒАШ РЕТ, СУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША 400 МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТАРЫ БӨЛІНДІ!

Соңғы жылдары су шаруашылығы салалары үшін мамандардың жетіспеушілігі байқалады, ал «ҚР Су шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасын 2030 жылға дейін іске асыруға байланысты» осы бейіндегі мамандарға деген қажеттілік тек қана артады.
«Су ресурстары» кафедрасы 1991 жылы құрылды, «Су ресурстарын кешенді пайдалану» және «Гидротехникалық құрылыстар» кафедраларын біріктіру нәтижесінде соңғы 20 жылда ол Қазақстанның су шаруашылығы саласы үшін 2000-нан астам маман даярлады.
Су ресурстары және суды пайдалану бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелерді жобалау, салу және пайдалану болып табылады. Бітірушінің өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқару міндеттеріне суды пайдалану саласында ақпараттық қамтамасыз ету, ұйымдастыру, мониторинг, басқару және техникалық бақылау, сондай-ақ тиімділігі жоғары, техникалық жасалған су шаруашылығы жүйелерін құру кезінде жобаларды іске асыру сияқты жұмыстар кіреді.
Кафедра Германиямен, Қытаймен, Ресеймен, Украинамен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Белоруссиямен және т.б. елдермен тұрақты халықаралық байланыс орнатқан. Магистранттар мен докторанттар осы елдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Кафедраға тәжірибелік қондырғылармен, зертханалық және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бақылау-өлшеу аппаратураларымен жабдықталған 5 мамандандырылған зертхана бекітілген. Кафедра гидротехникалық құрылымдар мен энергетикалық қондырғылардың жаңа құрылымдарын әзірлеу, сондай-ақ ағынды суларды тазарту технологиясы бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Студенттердің 70%-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, өз нәтижелері мен білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға тәжірибе алады.
Білім сапасы – кез келген елдің әлеуметтік дамуы мен тұрақты өсуінің негізі болып табылады. «Су ресурстары» кафедрасының оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі жоғары және жақы білім алуға, жоғары білікті маман болуға, беделді және жоғары ақы төленетін жұмысты табуға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.
Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады – гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару және т.б.
Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында кафедра «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен (Тараз қаласы) және «Қазсушар» РМК және «Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РМК тығыз байланыс орнатқан. Кафедрада ғылыми жұмыстарды орындауға жақсы зертханалық жағдай жасалынған. Докторанттар мен магистранттар зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін «Гидравлика және гидротехникалық құрылымдар» зертханалары заманауи жабдықтармен толықтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
«Су ресурстары» кафедрасы 2019 жылдың желтоқсан айында «Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалымен келісімге отырып, екі жақты серіктестік жасауға меморандумға қол қойып, мекеменің ғимаратында кафедраның филиалы ашылды.
М.Х.дулати атындағы ТарМУ-нің 2018-2021 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарына сәйкес, «Су ресурстары» кафедрасы төмендегідей үш тақырыпта ғылыми жұмыстар жүргізеді:
1.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Научно-теоретическое обоснование технологии и организации строительства и борьба с наносами при поддержании в рабочем состоянии каналов Или-Балкашского водохозяйственного бассейна», ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор М.Н.Сенников.
2.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Разработка и исследования многопродуктовых гидроциклонно-насосных установок», ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Әбдіраманов.
3.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Исследования проблем водоснабжения в условиях отсутствия надежных источиков и разработка искусственных подземных водохраналищ», ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., доцент Жолдасов С.Қ.
​Кафедра профессоры С.Қойбақов жетекшілігімен АҚШ-тың жтекші су шаруашылығы институттарымен екі жақты тәжірибе алмасу, трансшекаралық өзендерді бірігі басқару бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіледі.
Кафедрада шаруашылық келісім шартпен – Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Бахытжан» шаруа қожалығымен, құны 1,200 млн теңгеге «Разработка и исследования новых конструкций гидротехнических сооружений» тақырыбында шаруашылық есепте ғылыми жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен бекітілген, базалық ЖОО-да 6В08601-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) байқау комиссиясы негізгі ЖОО ректорының 2020 жылдың 2 наурызындағы №54-НҚ бұйрығына сәйкес, Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2020 жылы 2 наурызда өткізген республикалық СҒЗЖ қорытындысы бойынша екі студент министрдің ІІ және ІІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олар ІІ-дәрежелі дипломмен Карабеков Тимур (жетекшісі Омарова Ғ.Е., т.ғ.д.), және ІІІ-дәрежелі дипломмен Каракозова Алина (жетекшісі Жұрымбаева Р.А., т.ғ.к., доцент).
2019-2020 оқу жылында Республикалық студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы 5В075200 – «Инженерлік жүйелер мен желілер» секциясының байқауы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасы базасында өтті.
Осы байқауға кафедрадан 4 студент қатысып, 3-курс студенті Е.Шашубаев ІІІ-дәрежелі дипломмен (жетекшісі Жолдасов С.Қ., т.ғ.к.) марапатталды.
«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған 30.10.2019 жылы өткен «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер, инновациялар» атты Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына қатысып, мамандықтың екі студенті Диляра Төребек пен Айгерім Меделбек 1-орын алып (жетекшілері: аға оқытушылар – Байжигитова М.Т. және Қожамқұлова Г.Е.), дипломмен марапатталды.
Білім сапасы – кез келген елдің әлеуметтік дамуы мен тұрақты өсуінің негізі болып табылады. «Су ресурстары» кафедрасының оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейі және бірегей оқу лабораториясы, жоғары білікті маман болуға, беделді және жоғары ақы төленетін жұмысты табуға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.
Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.
Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады – гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару, әртүрлі зауыттардағы су айналымы процестерін жүргізу, облыстық және аудандық су шаруашылығы басқармалары, әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерде су маманы, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің облыстық «Қазсушар» РМК және т.б.
Қазіргі таңда бүкіл ҚР бойынша барлық дерлік облыстық «Қазсушар» филиалдарын және республикалық бассейндік инспекцияларды, ауыл шаруашылығы министрлігідегі суға қатысты басқармаларды біздің түлектер басқаратынын үлкен мақтанышпен айта аламыз.
ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты университеттегі алғашқы құрылған факультеттердің бірі. Ол 1962 жылы құрылған және содан бері Қазақстанның барлық аймақтарына, шетелдік және отандық фирмаларға су және ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология, механизация, су шаруашылығы экономикасы, гидроэнергетика, архитектура және т.б. салалардағы мамандар дайындайды.
Институт табиғат байлығын ұқыпты және тиімді пайдалана алатын, су және құрылыс нысандарын салатын, жобалайтын, пайдалана алатын және мониторинг жүргізе алатын, су пайдалану жүйесін, су және жер қорларын қорғауды басқара алатын мамандар дайындайды. Кез келген мемлекеттің болашағы техникалық және ауылшаруашылық білім беру бағдарламаларын дамытуда.
Жұмыс орындарының еркін нарықтық жағдайында институтта мамандар дайындалуы түлектердің қазіргі заманға тез бейімделетінін көрсетеді. Институт түлектері жұмысты тез табады, өзгеріп тұратын әлеуметтік және экономикалық жағдайларға тез бейімделеді.
Құрметті талапкерлер, біздің институттың білім беру бағдарламаларын таңдаңыз, мұнда сіз қажетті теориялық және тәжірибелік білім аласыз, өзіңізді көрсетесіз, бұл болашақта Сіздерге қызықты және жоғары ақылы жұмыс табуға көмектеседі.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Су ресурстары» кафедрасы 6В086 – «Су ресурстары және суды пайдалану» және 6В073 – «Архитехтура және құрылыс» білім беру бағдарламалары тобы бойынша келесі білім беру бағдарламаларынан бакалавр мамандарын даярлайды:
1. 6В07302 – «Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар»;
2. 6В07301- «Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру»;
3. 6B08615- «Су ресурстарын басқару».
6В07321- «Гидротехникалық мелиорация»;
6В07110- «Гидроэнергетика»;
6В04129 – «Су шаруашылығының экономикасы»;
6В07118- «су шаруашылығы механизациясы»;
6B08612-«Мелиорация және суармалы егіншілік»;
6В08610-«Гидроэкология».
«Су ресурстары» кафедрасы үш деңгейлі білім беру жүйесі бойынша мамандар – бакалаврлар, магистрлер және PhD докторларын дайындайды.
2. Магистратура бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт):
1) 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар»;
2) 7М07404-«Су ресурстарын басқару»;
3) 7М07403-«Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарламалары.
Магистратура бойынша (бейіндік бағыт) өндірістен қол үзбей қашықтан оқу мүмкіндігі бар:
1) 7М07402-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар».
4. Докторантура бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт):
8D07411-«Гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылымдар». 8D07413 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар», 8D07412-«Сумен қамтамасыз ету және суды бұру».
Осы бағыттағы білім беру бағдарламаларының мақсаты су шаруашылығы саласы үшін инновациялық үлгідегі жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету.
ТарӨУ осы оқу бағдарламалары бойынша 400 гранттық мақсатты орын берілді. Күндізгі және қашықтан оқыту үшін, оның ішінде екінші жоғары білімге 1,5-2,5 жылдық мерзімге дистанционды онлайн білім ебру қарастырылған. Сырттан келгендерге жатақханада орын беріледі.
Бакалавриат бойынша:
Бейіндік пәндер – Математика және физика.
Бұл үшін сізге жалпы барлығы 50 ұпай және одан жоғары жинау қажет.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-73-92, 45-22-35
E-mail: targu@mail.ru
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, 2.5-201
Қосымша ақпарат алу үшін 87473974540; 87006650885
87072739379;