Ғашықтар күні: ҚозыКөрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты туралы не білеміз?

Рухани жанғыру-2020

Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының кітапханасы білім алушы студент жастарымыз бен оқырмандарымызды қашықтан оқу жүйесін қолдау бағытында 15 сәуір – Ұлттық мереке ғашықтар күніне орай, шынайы махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу дастанының электронды нұсқасын ұсынамыз!!!

Қазақтың әйгілі “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” лирико-эпостық жыры кейіпкерлер арасындағы мөлдір сезім мен өшпес махаббатты дәріптейді.
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылыққа ұрынатынына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Төмендегі сілтемеден кітаптың электронды нұсқасын оқи аласыздар:
https://kitap.kz/book/1489/read#epubcfi(/6/2[id1]!/4/2/2/1

Рухани жаңғыру-2020
Ұлы ақын Абайдың қара сөздері

Атырау инженерлік – гуманитарлық институты кітапханасы білім алушы студент жастарымыз бен оқырмандарымызға қашықтан онлайн қызмет көрсетуін жалғастыруда.
Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, қайраткер, жазба әдебиет пен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай оның қара сөздерінің Нұрлан Өнербаевтың оқуындағы аудио нұсқасын ұсынады.

Сілтемені басыңыз! https://kitap.kz/audio-book/karasozder-men-ocherk

Leave a Reply