«Атамекен» рейтингі қуантады
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (АИГИ) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен рейтингі бойынша өткен жыл аяғында жаксы жағынан көрініп алғашқы ондыққа ілінген еді. Енді институт «Радиотехника , электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша 100 процент болып, 23 ЖОО-ның ішінде 5 –ші орында тұр. Ал Информатика мамандығы бойынша да түлектерді жұмыспен қамту 100 процент орындалып, 24 ЖОО орнының ішінде 3-і орында келе жатқанын «Атамекен» ҰКП мәлімдеп отыр.
Қазір 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елдегі Төтенше жағдайға орай АИГИ қашықтықтан оқыту технологиясына толығынан көшкен болатын. Оқу үрдісінің барлық материалдары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының aigi.kz сайтының “Қашықтықтан оқыту” жеке бетінде , ондағы Ютуб каналына салынып келеді. Платонусқа арнайы “Тапсырма” модулі де енгізілді. Бұл модульге барлық оқу бітірушілерді қосып, оларға берілетін тапсырмалар жазылуда.
-Биыл АИГИ-ді 509 студент бітіреді деп күтілуде.Емтихандары мен есеп материалдарын тапсырған студенттер қазір дипломалды өндіріс-тәжірибелік жұмыстарында жүр. Сәуірдің 6-ы мен 12-і аралығында студенттеріміз дипломалды тәжірибелік жұмыстарының есептерін онлайн бойынша тіке байланысқа шығып түгелдей ойдағыдай тапсырды .
ҚазірАИГИ-дің барлық оқу бітірушілерінің диплом жұмыстары антиплагиат бағдарламасымен тексерілуде. Сәуір айының 13-18 аралығында студенттер диплом жұмыстарын кафедраларда алдын-ала қорғауы да онлайн форматында өтуде.
Бітіруші студенттерге де барлық тапсырмалар ,есептер нәтижесі платонус платформасына салынып,кері байланыс жасалып отыр. Студенттердің жақсы білім алуларына,білмегендерін сұрауларына барлық жағдайлар жасалып отыр.
2 және 3 курс студенттері үшін Төтенше жағдайға байланысты Өндірістік тәжірибелерді өткізу мерзімдері өзгерді. Осыған орай 2019-2020 оқу жылының академиялық күнтізбесіне де өзгерістер жасалды, олар кешірек мерзімге ауыстырылды. Ал студенттер сабаққа дәлелсіз дистациялық форматта қатыспаса, тапсырмаларды орындамаса, сессияға жіберу және емтихан тапсыру мәселесі автоматты түрде жойылады.
АИГИ Баспасөз қызметі.