Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында қашықтықтан оқыту технологиясы формасына ауысқан болатын. Бұл бұрыннан да тәжірибемізде бар әдіс. Сондықтан да бұл АИГИ ұжымы үшін қиындық туғызбады деп айта аламын.
Институт тарапынан бірнеше онлайн формалар ұсынылды.Соның ішінен ZOOM платформасын таңдаған болатынбыз. Осы платформаны талдау барысында студенттердің ынтасын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту басты мақсат болды. Пәнді оқыту барысында сапалы дәріс беру мәселесі төңірегінде ZOOM платформасын қолайлы көріп, оңтайлы шешім қабылданды деп ойлаймын. Біздің бұрынғы тәжірибемізде де қосарлы дәрістер өткізіліп жүрген болатын. Ол кезде біздер аудиторияға кафедра тарпынан екі оқытушы кіріп, студенттерге осындай қосарлы дәрістерді өткізетінбіз. Бұл дәрістің түрі жалпы екі оқытушының диалогындағы материалды мазмұндаудың жалғасы, дамуы болып табылады.
Lecture together (лекция двоем)– оқу технологиясында қолданып жүрген әдіс түрі. Қосарлы дәрісті ZOOM бағдарламасымен оқыту тиімділігі орасан зор. Студенттке беріп отырған тақырып аясында жан-жақты ақпарат жеткізу мақсатында, тақырып мазмұнын ғылыми негізде аша түсу үшін, екінші оқытушымен ZOOM платформасындағы конференцияға қосылып, маңызды ақпаратпен пікір алмасу, сұрақ –жауап аясында кері байланыс жасаттыру.
Бұл жерде теориялық және практикалық мәселелерді екі маман талқылайды, талқылау барысында студенттерге ұсынылған материалдарды салыстырмалы тұрғыдан қарауға осындай үлкен мүмкіндік береді. Мұндай дәріс беру әдісінің артықшылығы көп екені белгілі. Мұны АИГИ-де ылым апталығына орай онлайн форматында өткен видео-конференция барысында көрініп тұр.
Жалпы қосарланған дәрістің артықшылықтары:
Студенттердің бойындағы білімді өзектендіреді
Екі дереккөз қорының болуы таңдау жасауға, өз көзқарасын айтуға мәжбүрлейді
Оқытушының кәсібилігі көрінеді, оның тұлғасы тереңірек ашыла түседі
Мәселелік жағдаяттар туындайды, дәлелдемелік жүйелер ашады
Екі дереккөз қорының болуы әртүрлі көзқарастарды салыстыруға мүмкіндік береді
Жоғары оқу орнындағы дәріс – оқытудың дидактикалық циклінің басты негізі. Оның мақсаты – студенттердің оқу материалын қабылдауларын қалыптастыру болып табылады. «Дәріс» латынның «lection» – оқу сөзінен шыққан. Дәріс ежелгі Грецияда пайда болып, көне Римде және орта ғасырларда өз жалғасын тапты. XIX ғ. орта тұсынан бастап бүкіл әлемдегі ғылыми және техникалық білімдердің дамуына байланысты дәрістерді студенттердің жеке және белсенділік қасиеттерін жандандыратыны сөзсіз.
Гүлжүзім МЕҢДІҒАЛИЕВА,
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының аға окытушысы, магистр.