Экономика-гуманитарлық факультеті

Экономика-гуманитарлық факультеті институт  Ғылыми  Кеңесінің  2015 жылғы 31 тамыздағы № 085-1қаулысы негізінде құрылды.

Факультет қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің   2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 181 қаулысымен өзгерістер енгізілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» талаптарына сай ұйымдастырылған.

Факультет 2019 жылдан бастап ҚРБҒМ министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының өзгеруіне байланысты білім мамандықтары жіктеуішінің екі білім саласының,  үш  даярлау бағыты бойынша кәсіби мамандар даярлап,  3 кафедра: Экономика және кеден ісі кафедрасы, Шетел тілдер кафедрасы және Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы жұмыс жасайды:

БІЛІМ САЛАСЫ
6В04   Бизнес, басқару және құқық
ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫ ББ ТОБЫНЫҢ АТАУЫ МЕН ШИФРІ
6В041 Бизнес және басқару   В44 Менеджмент және басқару В45 Аудит және салық салу В46 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
6В042- Құқық;   В049 Құқық
БІЛІМ САЛАСЫ
6В01 Педагогикалық ғылымдар
ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫ ББ ТОБЫНЫҢ АТАУЫ МЕН ШИФРІ
6В017-Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау В16 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау В17 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау В18 Шет тілі мұғалімдерін даярлау

Факультетте білім алушылар үшін тәжірибелі кәсіби мамандар қызмет жасайды:  44 профессор-оқытушы қызмет етіп, олардың ішінде:  1 профессор, 3 ғылым докторы, 1 phd, докторы,  11 кандидат, 21магистр-оқытушы, 7 оқытушы білім береді. Факультет оқытушылары студенттерге білім мен тәрбие берумен қатар, әр саладағы іргелі және қолданбалы  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысуда.

Факультет құрамына кафедралардан басқа оқу және ғылыми лабораториялар, тәжірибелік базалар, кіреді.

Институттың материалдық-техникалық базасы бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Интернетке қосылған компьютерлік зертханалар мен электронды кітапхана есігі әрқашан да институт студенттері үшін ашық.

ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫ

ҚУАНОВ МАҒЫПАР САЛАМАТҰЛЫ
г.ғ.к., профессор
E-Mail: kuanovms@mail.ru 

Білімі
1973-1978жж. Гурьев педагогикалық институты, биология және химия факультеті, «Биология және химия» пәнінің оқытушысы

Еңбек жолы

  • 1978 жылы Гурьев облыстық білім бөлімінің жолдамасымен Мақат ауданындағы Ескене сегізжылдық мектебінде химия және биология пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.
  • 1979-1984 жж.Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында Инженер-химик мамандығы бойынша қызмет атқарған.
  • 1984-1989 жж. Атырау облысыБалықшы аудандық атқару комитетінің шақыруы бойынша жоспарлау бөлімінде экономист, кейіннен Дамба селолық атқару комитетінде хатшылық жұмыстарын атқарған.
  • 1989-2002 жж. Теңіз кенішінде ауа тазалығы жөніндегі экспедиция басшысы болған. Осы уақытта облыс экологиясы, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, Теңіз кешенінің әр жыл сайын табиғи ортаға тигізетін әсері туралы оннан астам ғылыми жұмыстар жазып, 1999 жылы «Теңіз мұнай кешенінің қоршаған ортаға әсері» атты ғылыми диссертациялық жұмысын Әль-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университетінен сәтті қорғаған.
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің судағы концентрациясын өлшеу тәсілдері бойынша патент берілді. Болон процесінің жеке тұлғаларды дамыту проблемалары бойынша “ЖОО орындарын ішкі бағалау процедураларын өткізу” жөніндегі сертификатының иегері.
  • 2002 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Экономика факультетінің деканы болып, 2003-2015  жылдар арасында институттың Сырттай оқыту факультетінің деканы қызметін атқарады.
  • 2015-2018 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметінде жұмыс атқарды.

ДЕКАН ОРЫНБАСАРЫ

НҰРМҰХАНОВА ГАУҺАР АМАНДЫҚҚЫЗЫ Шетел тілдер кафедрасының оқытушысы
E-Mail: gauhar.nurmukhanova@mail.ru

Білімі
1998ж-2002ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті, Филология факультеті, мамандығы ” Шетел тілі мұғалімі”.

Еңбек жолы

  • 2002-2007 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  • 2007-2011 жж. «Монтажсервис», кдр бойынша инспектор
  • 2011ж. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының, Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы.

ДЕКАН ОРЫНБАСАРЫ

Ығылова Асель Құрманғазықызы
Шетел тілдер кафедрасының оқытушысы, магистр
E-Mail: assel.ygylova91@mail.ru

Білімі

  • 2006-2010жж. Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
    Факультет : Филология
    Дәреже: Кәсіптік орта білім
    Мамандық: Қазақ тілі, әдебиеті
  • 2010-2013жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
    Факультет : Тарих ,филология.
    Дәреже: Бакалавр
    Мамандық: Қазақ тілі, әдебиеті
  • 2013-2015жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
    Факультет : Тарих ,филология.
    Дәреже: Педагогика ғылымдарының магистрі Мамандық: Қазақ тілі, әдебиеті

Еңбек жолы

  • 2010-2011 жж. № 18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп
    Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі (орыс сыныптарында)
  • 2013-2014 жж. №36 орта мектеп, Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
  • 2015ж. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
    Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының, Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы, магистр
    Ғалым хатшы