Институт өкілдері – аймақтарда

АИГИ: КӘСІБИ БАҒДАР

Биылғы оқу жылы да аяқталуға жақын. Жыл сайын мектеп бітіретін түлектердің алдында   үлкен міндет тұрады. Ол – болашағы бар жақсы мамандық таңдау,яғни – өз келешегін таңдау. Сондықтан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты басшылығы осы бастан әрбір оқушының қателеспей,жақсы мамандықтарды таңдауына барынша көмек қолдарын созып отыр.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу шеңберінде институттың Әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры Бақберген Қарабаев , Экономикалық-гуманитарлық факультеті деканы, география ғылымдары кандидаты,профессор Мағыпар Қуанов, Құзыреттілік және мансапты жоспарлау орталығы директоры Нұрберген Жұмағалиев, аға оқытушы Болат Қадыров Жылыой ауданының Құлсары қаласы мектептерінде және Маңғыстау облысының Бейнеу,Шетпе өңірлеріндегі мектептер мен колледждерде ұстаздарымен,оқушылармен, ата-аналармен кездесулер өткізуде. Кездесу жинындары карантин талаптары қатаң сақтала отырып, ZOOM платформасында онлайн форматта да өткізілуде. Бүған дейін институттан шыққан кәсіптік бағдар тобы Құрманғазы, Исатай, Индер, Махамбет, Мақат, Қызылқоға аудандарында болған еді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылары институттың жоғары білімді де білікті мамандар даярлауы мен оның артықшылықтары, ерекшеліктері бойынша оқушыларға мәліметтер берді. Мағлұмат бере отырып, оқушылардың таңдаған мамандықтары бойынша болашақта қандай жұмыстар жасай алатындықтары туралы қызықты ақпараттарымен таныстырды.Сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.

АИГИ Баспасөз қызметі.