Құрметті білім алушылар!
Соңғы кезде бүкіл Жер шарыні алаңдатқан коронавирус індетінің қауіп-қатері туралы бәріңіз де хабардарсыздар. Президент Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен осы жаман індеттің елімізде кең таралмауына қатысты іс-шаралар шұғыл қолға алынуда.
Барлық жерде мәдени және спорттық шараларға, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынып, халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізілуде. Біздің Атырау аймағында да карантин жағдайы қатаң сақталуда. Осы тәртіптерді қатаң сақтайық!
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың тапсырмасына сәйкес барлық жоғары оқу орындары сияқты біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институты да 16 наурыздан бастап қашықтықтан онлайн бойынша оқытуға көшті.
Оқытушы-профессорлар құрамы әзірліктен өткен, оқу кестелерге сәйкес реттеліп өтуде. Интернет желісі толық жұмыс режимінде. Білім алушылар оқу үдерісіне бұрынғыдан да ерекше мән береді, онлайн сабақтарға үйде отырып белсене қатысады деп сенеміз. Бәрі өзімнің және оқу-әдістеме бөлімінің қатаң бақылауында.
Коронавирус індетін көп болып,ынтымақты жұмыс жасағанда ғана жеңеміз. Біздің студенттеріміз, олардың ата-аналары аса түсіністікпен қарап, уақытша орын алған сын мен қиыншылықты бірге еңсереміз деген ойдамын. Сенім мен бірлік, тәртіп пен жауапкершілік серігіміз болсын! Сонда біз бәрін жеңеміз!.
Амандықта болайық!
Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының ректоры, профессор Е. ИХСАНОВ.