Аккредиттеу және академиялық ұтқырлық орталығы

Қазіргі кезде қазақстандық жоғары білімнің міндеттерінің бірі оның жаңару міндеті болып табылады, ол білімнің қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттардың және студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту көптеген мақсаттарға жетуде.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі шекаралары кеңейтілді.

2011 жылдан бері біздің институтымыз ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша отандық және халықаралық жоғары оқу орындарымен жемісті жұмыс жүргізуде, бұл келісім-шарт пен меморандумдардың екі жақты ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылуда.

Академиялық ұтқырлық орталығының міндеттері:

– жоғары білім сапасын арттыру;

– ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;

– отандық және шетелдік білім беру қызметтері мен еңбек нарығында педагогикалық кадрлар мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

– алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерттеу және дамыту арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыру;

– білім беру стандарттарын халықаралық салыстыруға қол жеткізу; шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен екіжақты келісімдер негізінде шетелдік зияткерлік әлеуетті тарту; сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнату;

– AIGI миссиясы мен даму бағдарламасын орындау.

ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық нысандары:

– ғылыми семинарларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысу;

– бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына қатысу;

– қабылдаушы елдің білім беру қызметіне қатысу;

– қабылдаушы елдің оқу орындарында тағылымдамадан өту, оқыту және біліктілікті арттыру;

– білім беру саласында кеңес беру және сараптама қызметтерін көрсету.

                    Институтқа сырттағы ұйымдар мен мекемелерден шақырылған оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық нысандары:

– бірлескен жобаларға қатысу;
– спикерлер мен оқытушылар ретінде семинарларға, ғылыми мектептерге және конференцияларға қатысу;
– AIGІ-дың білім беру қызметіне қатысу (оның ішінде лекциялар мен шеберлік сабақтарын өткізу, оқу курстары).

 

Мукашева Айгүл Жалеловна – Орталық жетекшісі

Білімі:

2000-2004 жж – Атырау инжинерлік-гуманитарлық институты, мамандығы «Экономика профилі» бойынша, біліктілігі  «Экономист».

2004-2005 жж Атырау мұнай және газ институты, академиялық дәрежесі:

Ақпараттық жүйелер магистрі.

Академиялық ұтқырлық және аккредитация орталығының директоры

Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл

e-mail: mukasheva.aigul@mail.ru

Хайрлиева Улбосын Мертаевна – орталық әдіскері

Білімі:

2009-2013ж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Физика және математика» факультеті,  «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы (бакалавр).

2015-2017ж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Физика және математика» факультеті,  «Информатика» мамандығы  (магистратура)

Габбасова Асель Идаятовна – орталық маманы

Білімі:

2006-2010ж. – .Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Экономика» факультеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы (бакалавр)