Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елдегі карантин жағдайына орай қашықтықтан оқыту технологиясына толығынан көшті. Барлық білім алушылар үйлерінен тіке байланысқа қосылды. Қашықтықтан оқытудың барлық оқу материалдары институттың PLATONUS платформасына (https:37.151.45.5) салынды және де онлайн оқытудың негізгі құралы-ZOOM платформасы болмақ.
PLATONUS білім беру порталында барлық оқу ресурстары (ПОӘК, силлабустар, тапсырмалар, тесттер, жұмыс жоспарлары, дайындық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары, емтихан материалдары, ПОҚ мәліметтері, журналдар, сабақ кестесі, студенттер мен оқытушыларға арналған нұсқаулықтар, бейне-лекциялар және т.б.) да орналастырылған.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сайтында aigi.kz “қашықтықтан оқыту” жеке беті ашылды, онда қашықтықтан оқыту бойынша хабарландырулар, бейне -инструкциялар, нұсқамалар ,онлайн дәрістер, бейне-лекциялар және басқа да материалдар орналастырылған.
Деканаттар, Офис регистраторлар оқытушылардың онлайн-сабақтарын жүйелі тексереді, оқытушылар күнделікті бекітілген формада студенттердің сабаққа қатысуы туралы мәліметтерді ұсынады,содан кейін оқу-әдістемелік жұмыс бөліміне ұсынылады.
Академиялық саясатқа студенттер мен оқытушылардың коммуникациясы құралы ретінде электронды поштаны, платформаларды онлайн логикациялау және тану арқылы сабаққа қатысуды тану бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Институттың академиялық саясатына оқытудың дистациялық түріне көшуге байланысты келесі өзгерістер енгізілді. Осыған айрықша назар аудару қажет деп айтамыз. Оқу форматы әзірше ауысуына байланысты қашықтан оқыту нысанын, кредит саны мен пәндер саны өзгермейді және де азайып отырған жоқ, бұрынғы қалпында қалады, білім жоспарына сәйкес. Сабақ күн сайын кесте бойынша, тиісті уақытта, бірақ дистациялық оқыту форматында өткізіледі.
Оқытушы студентті кесте бойынша белгіленген уақытта ZOOM платформасы бойынша онлайн сабаққа шақырады. Барлық видио,бейне-лекциялар, видео сабақ материалдары, студенттерге арналған тапсырмалар міндетті түрде ИИС PLATONUS (ИИС) орналастырылады .https:37.151.45.5).
Сабақ кестесі институт және PLATONUS сайтында орналасқан. Кестеге сәйкес студенттердің сабаққа қатысу жоспарын орындауы, олардың тапсырмаларын орындау бойынша студенттермен кері байланыс, олардың көлемі, тізбесі, саны өзгеріссіз қалады. Егер студент сабаққа дистациялық форматта қатыспаса, тапсырмаларды орындамаса, сессияға жіберу және емтихан тапсыру мәселесі автоматты түрде жойылады.
Оқу процесінің кестесі аралық бақылауды, қорытынды бақылауды тапсыру бөлігінде өзгермейді. Аралық бақылау мен емтихандардың кестелері PLATONUS-да орналасқан.
2 және 3 курс студенттері үшін өндірістік тәжірибелерді өткізу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты 2019-2020 оқу жылының академиялық күнтізбесінде өзгерістер жасалды, олар кешірек мерзімге ауыстырылды. 2019-2020 оқу жылында дипломдық жұмысты алдын ала қорғау онлайн режимде жүргізіледі. Студенттер, дипломдық жұмыс бойынша ғылыми жетекшілермен шұғыл байланыс орнатыңыз. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кестесі PLATONUS-та орналастырылады.
Диплом жұмысын қорғау процедурасы, мемлекеттік емтихандарды өткізу процедурасы туралы біз Сізді қосымша хабардар етеміз.
Құрметті студенттер! Атырау инженерлік-гуманитарлық институты сіздің жоғары оқу орнындағы оқуыңызды сәтті аяқтап шығуыңызға барлық жағдайды жасауда.. Ол үшін Сіз еі алдымен елдегі Төтенше дағдайдағы карантин талаптарын қатаң сақтап, үйіңізде отырып қашықтықтан оқуға жақсы қатысып,белсенділік көрсетіп,ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерінің талаптарын орындауға жауапкершілікпен қарап, ЖОО-да оқуды аяқтау немесе келесі курсқа ауысу үшін қажетті кредит санын жинауыңыз қажет.
Құрметті студенттер, сізді мазалайтын барлық сұрақтармен, сіздер өз оқытушыларыңызбен, кураторларыңызбен, дипломдық жұмыс жетекшілеріңізбен телефон арқылы, Whats App арқылы дер кезінде хабарласа аласыздар. Үнемі байланысқа шығыңыз, телефон қоңырауларына жауап беріңіз, институттың aigi.kz сайтын жиі ашыңыз, PLATONUS-ты қараңыз.
Институтпен тұрақты байланыс ұстаңыз. Егер мәселе туындаса, AIGI CALL-CENTER 8-701-341-81-52 ,8701-741-51-58,8701-596-56-46,8701-656-09-18,8701-383-46-04 телефондарына хабарласыңыз.Біздің электрон почта: atyrau@ aigi.kz жазыңыздар.
Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларға қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша онлайн сауалнама жүргізілді. dl.iitu.kz/discuss интернет, компьютер және камераның болуына dl.iitu.kz/forum. сауалнаманы тез арада толтырып, кураторға немесе офис тіркеушіге жіберулеріңізді сұраймыз. (8 (701)383-46-04.
Сондай-ақ сіздер институттың Facebook, Instagram, Whats APP әлеуметтік желілердегі парақшаларынан да институттағы қашықтықтан оқыту туралы ақпараттар ала аласыз.
Институт сайтқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің ашық тегін білім беруресурстары туралы хабарламасын орналастырды dl.iitu.kz/forum/discuss. қашықтықтан оқыту бойынша барлық материалдарды оқып үйреніңіз, тәжірибе алмасыңыз, қашықтықтан жұмыс істеуге үйреніңіз! Карантин талаптарын мұқият сақтайық,үйде отырып онлайн-сабақтарға белсенді қатысайық! Баршаңызға табыс пен амандық тілейміз! Өзіңізді және қоршаған ортаны қорғаңыз!
АИГИ ректораты.