«Nur Otan»:«Мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына 2020 жылғы 15 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының «Біздің ортақ мақсатымыз – әр тұрғыннның өмір сүру деңгейінің артуы» сайлауалды бағдарласымен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлыбек Ғилажұлы Дауымов келіп кездесу өткізді.
Атырау облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат,елге танымал,тәжірибелі педагог,ғалым,қоғам қайраткері Нұрлыбек Ғилажұлы кездесудегі басты мақсаты – еліміздің ең ірі саяси партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары мен жоспарлары туралы айтып, институт профессор-оқытушылар құрамы мен барша қызметкерлеріне жеткізу екенін айтты. Сондай-ақ оқытушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
Кездесу барысында институт қызметкерлері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысып, жан-жақты пікірлесе алды,ұсыныс-тілектерін айтты.
-Біздің партиямыздың басты мақсаты әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау. Әрбір сайлаушымызды 2021 жылғы 10 қаңтарда өз таңдауың жасауға, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!-деді Н.Дауымов.
«ADAL» партиясының 5 негізгі мақсаты
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында2020 жылдың 15 желтоқсанында «ADAL» партиясының өкілдері келіп,сайлауалды бағдарламасымен ұжымды таныстырды. Институт профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптарын беріп, сайлауалды бағдарламасы бойынша ұсыныс-тілек,пікірлерін тыңдады.
«ADAL» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары да таныстырылды. Бағдарламасы 5 негізгі бағыттан тұрады: халықтың өмір сапасын көтеру, кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру, өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі, өмірге қолайлы мемлекет,- екенін түсіндірілді.
Партия өкілдері Адалдықтар басым бағытты барлық азамат үшін қолайлы өмір деп алыпты. «Адал» партиясының бағдарламасы бойынша, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қайта қарауға қол жеткізу қажет. Ол ЭЫДҰ елдерінде қабылданғандай, орташа жалақының кемінде 40 %-ын (140 мың теңге) немесе 60 мың теңгені құрауы тиіс деп есептейді. Сонымен қатар партия мүшелері ең төменгі күнкөріс деңгейін 60 мың теңгеге дейін ұлғайту және ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін арттыруды ұсынады. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтып, зейнетақы жарналарын төлеуге еркіндік беруді де бағдарламаға қосқан.
Бағдарламада педагогтарға ел бойынша орташа есеппен 200 мың теңге жалақы белгілеу, мектептегі білім беру бағдарламаларын қайта қарау. Қашықтықтан оқыту мен білім беру онлайн-платформаларын дамыту туралы да айтылды. Оған қоса толық тегін медициналық көмекке оралу, медицина қызметкерінің мәртебесі туралы жеке заң жобасын қабылдау, ауыл тұрғындары үшін медицинаның қолжетімділігін арттыру, отандық фарминдустрияны дамыту туралы айтты.
Жалпы «Адал» партиясы 2013 жылы «Бірлік» партиясы болып құрылған. Ресми тіркелген Қазақстандағы 6 партияның біреуі. Мемлекет басышысының Жарлығымен 2021 жылы 10 қаңтарда ҚР М.әжілісіне депуттарды сайлау болады. Партия өкілдері кездесуде осы жаңа партия қатарына өтуге және алдағы қаңтар айындағы сайлауда «ADAL» партиясына дауыс беруге шақырды.
АИГИ Баспасөз қызметі.