«Талапкер-2020» АИГИ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНАН ЖАҢА МАМАНДЫҚТАРҒА ОҚЫТАМЫЗ

2020-2021 жаңа оқу жылынан бастап Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (АИГИ) жаңа мамандыққа: 6В04104 – Менеджмент және басқару (бакалавриат) , 6В06157- Информатика , 6В06153-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 6В04203-Заң (Юриспруденция) мамандықтарына оқытуды бастайды.

Институтқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен осы мамандықтарға оқытуға мемлекеттік тіркеу рестрінен өткендігі туралы құжаты келді. Қазір институт қабылдау комиссиясы талапкерлер құжаттарын жаңа мамандықтарға қабылдау бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Енді жаңа оқу жылынан бастап АИГИ барлығы 20 білім бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын болады. Өткен оқу жылында институт 16 білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлаған болатын. Биыл,яғни таяуда институтты 500-ден астам студент бітіріп, білікті маман атанып шықты.
Институт ашқан жаңа «Менеджмент» мамандығы бойынша түлектер менеджер квалификациясымен «бакалавр» (4 жыл) академиялық дәрежесін алады. Олар іргелі кәсіорындарда, фирмаларда, корпорациялар мен ұлттық компанияларда басқарушысы бола алады. Менеджер – ол ірі, орта және кіші биизнестің бизнес жоспарын даярлап оны жүзеге асыра алатын маман, сапа көрсеткішін жоғарлату мақсатымен мотивация жүйесін құру мен компания және персоналдың жоспарлы қызметін басқарушы.
«Менеджмент және жергілікті басқару» мамандығын бітірген мамандар Үкіметтегі мемлекеттік қызметкер ретінде де қызмет атқаруға құқы салыстырмалы түрде жоғары, себебі бұл түлектер мемлекеттік және жергілікті басқарудың ғылыми негізін оқыған мамандар болып табылады.
Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Заңгердің кәсіби мүмкіндіктері үлкен, Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурорлық қызмет, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, HR менеджерлер, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының түлектеріне берілетін білімнің басты артықшылықтары мынадай:
-Аппаратты- бағдарламалық кешендердің сәулетін және қолданушы интерфейсін ұйымдастырудың негізгі принциптерін жобалау, кәсіби іс-шаралар сұрақтарын тиімді шешу үшін өңдеу үдерісін ұйымдастыру және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру кезінде инструменттік, бағдарламалық технологияларды және есептеу техникасының жабдықтарын таңдау, есептеу жүйелерін, кешендерін және желілерін құру барысында аппаратты және бағдарламалық жабдықтарды кешендеу әдістері мен тәсілдерін қолдану, есептеу техникасы және компьютерлік жүйелердің жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және оларға қызмет көрсету, бағдарламалық өнімдерді қолдау және оларды ақпаратты өңдеу және басқару үдерісінде әр түрлі есептерді шешу үшін қолдану. Білім беру бағдарламасы еңбек нарығында IT-мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес әзірленді.
Информатика маманының негізгі зерттеу объектісі қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ).
Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында әр студент халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламалары бойынша
білім ала отырып, жоғары білікті маман болуға барлық мүмкіндіктері бар.
Институт көптілді білім беру жобасы бойынша жұмыс жасайды. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.
«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген.
Жалпы АИГИ-ге республикамыз бен ТМД елдерінің әр қиырынан оқуға тілек білдірушілер көп келеді. Әсіресе көрші Өзбекстан елінің жастары көп келіп жүр. Алыс аймақтардан келетін талапкерлер үшін институттың жайлы жатақханасы бар,онда студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты қызметінің маңызды сипаттамасының бірі – еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері болып табылады.
Институт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жүргізген және электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің ЖОО рейтингісінде жоғары сұранысқа ие мамандар даярлайтын 20 үздік жоғары оқу орындары қатарына кірді.
Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөдеді. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 137 келісім-шартқа қол қойылды. Олардың ішінде, аймақтың ірі кәсіпорындары «Тенгизшевройл», North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), «Ембімұнайгаз» АҚ, «КазНИГРИ», «Ембагеодезия» ЖШС, «АтырауМұнайӨнімдері» АҚ, «Каспий барлау геофизика институты» ЖШС АФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және т. б.
Институтта тәрбие жұмысы тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік, оның ішінде түлектердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бірыңғай біртұтас жүйесі дамыған. Білім алушыларды қолдау қызметі жастар бірлестіктері – жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады.
Бір сөзбен айтқанда, Атырау инженерлік-гуманитарлық нститутына оқуға келсеңіз ешқандай ұтылмайсыз! Бізде оқу ақысы да Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағыдан әлдеқайда төмен. Институт бүгінгі таңдағы елдегі қаржы-экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, жастардың білім алуларына қолжетімділік жағдай жасауда.Бірқатар жеңілдіктер де бар. Мүмкіндікті қалт жібермеңіздер,Талапкер жастар!
АИГИ БІЛІМ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
6B07101-Автоматтандыру және басқару
6B06157-Информатика
6B06152-Ақпараттық жүйелер
6B06153- Вычислительная техника и програмное обеспечение
6B06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
6B07201-Мұнай-газ ісі
6B07103-Электроэнергетика
6B07302-Құрылыс
6B07102-Органикалық заттардың химиялық технологиясы
6B07501-Стандарттау және сертификаттау
6B01701-Шетел тілі: екі шетел тілі
6B04101-Экономика
6B04104-Менеджмент
6B04102 – Қаржы
6B04201-Құқықтану
6B04203- Юриспруденция
6В04202 -Кеден ісі
6B04103 Есеп және аудит
6B01703 Қазақ тілі мен әдебиеті
6B01702 Орыс тілі мен әдебиеті
Қазір институтында оқуға талапкерлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр. Құжаттарды тапсыру жеңілдетіліп, автоматтандырылған онлайн режимінде де қолжетімді. Бізбен байланыс: 8-775 267 3988,8(7122)31-93-00, 31-68-52.
Бізге pk_aigi@mail.ru мен www.aigi@mail.ru және www.aigi.kz желілері арқылы да байланыса аласыздар.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының
Баспасөз қызметі

Leave a Reply