Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Қазақстан халқы Ассамблеясы
кафедрасы еліміздің Батыс аймағында алғашқылардың бірі боп құрылып,студенттерге
оның жұмыстарын насихаттау, ұлт пен ұлыстардың бірлігін нығайту,
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделі қазіргі уақытта этносаралық және
конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы
маңызды құралға айналғанын насихаттап келеді. Институт студенттері мен
профессор-оқытушылары осы бағыттарда іргелі ғылыми жобаларды жүзге асырып
Ассамблеяның 25 жылдығына орай Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының оқытушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің
қазақстандық моделі» тақырыбына арналған үздік ғылыми жобалардың Атырау
облыстық конкурсына қатысып, жеңімпаздар болды. Атап айтқанда АИГИ-дің
жас оқытушылары- МЭЛСОВА Нұршат Шалқарқызының ғылыми жобасы үздік
деп танылып,II- ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен және 40 000 теңге сертификатпен , ал
ӨМІРБАЕВА Ақтоты III- ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен және 25 000 теңге сертификатпен
марапатталды.Бүгін осы марапаттарын алған жас ұстаздардың қуанышында шек
жоқ.
Ал Евразия ұлттық университеті онлайн форматында ұйымдастырған
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары студенттерінің 1 Республикалық
«Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша Олимпиадасында Атырау инженерлік-
гуманитарлық институтының студенті АСЫЛБЕКҚЫЗЫ Индира белсенді
қатысып,жақсы білім өрнегін көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Студенттің ғылыми жетекшісі Жиенкулова Ляззат Тілеуқызы институтта барлық
факультеттерде биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған
Жолдауында міндеттелгендей кәсіпкерлік негіздері пәні енгізіліп, оқытылып
жатқанын,студенттер ынта-ықыласпен оқуға ниетті екенін айтады.
АИГИ ректораты байқау-конкурстар мен республикалық олимпиаданың
жүлдегерлерін құттықтап, білім мен ғылым жолындағы ізденісті қадамдарына жігерлі
табыстар тілейді.
АИГИ Баспасөз қызметі.