Жаңа оқу жылы алдында РЕКТОР Е.В. ИХСАНОВТЫҢ ТІКЕ БАЙЛАНЫСЫ

Жаңа оқу жылы басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,Қазақстан ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерсайын Валитханұлы Ихсанов 26 тамызда ZOOM платформасымен онлайн жағдайында студенттермен,ата-аналармен тікелей байланысқа шықты. Ректор Ерсайын Валитханұлы өткен оқу жылы пандемия жағдайында оңай болмағанын,бірақ барлық қиындықтарды жеңе біліп,жылды жақы нәтижемен аяқтағанын,енді ҚР БҒМ тапсырмасына сәйкес, білім ордасы дәстүрлі форматта білім беруге 100% дайын екенін жеткізді. Осы мақсатта институтта жаңа оқу жылына дайындық алгоритмі әзірленіп, ғимараттар мен жатақханалар санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жабдықталуда. Сонымен қатар бағдар беру апталығының бағдарламасын бекіту, жүктемені есептеу және ОПҚ штатын анықтау, аудиториялық қорды тексеру әрі кесте жасау, декандар мен кафедра меңгерушілерінің білім алушылармен онлайн кездесулері сынды ауқымды жұмыстар атқарылуда екенін айтты.

Онлайн бойынша тікелей байланысқа шыққандар алдында ректоралдымен жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы жан-жақты айтып берді. Биыл ұйғарым бойынша оқытудың аралас нысанына жол беріледі, атап айтқанда: дәрістер-онлайн; санитариялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинар, зертханалық және практикалық сабақтар күндізгі форматта өткізіледі.
Бір ауысымда онлайн және офлайн форматта оқытудың ауысуын болдырмау мақсатында оқу кестесі «Бір аудитория – бір топ» принципін сақтай отырып, оқыту форматына сәйкес жасалды,-деді ректор Ерсайын Ихсанов.
Сондай-ақ институт оқу процесінің күзгі семестрінің басталуына академиялық дайындығы (педагогикалық жүктеме, кесте, оқу-әдістемелік материалдар, видеоконтент, силлабустар, электрондық ОӘК және т.б.) қадағаланатынын, қажет болған жағдайда академиялық саясатқа және жаңа оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру форматына өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылғанын жеткізді.
Сабақ кестесін құру кезінде аудиториялардың толтырылуына қойылатын талаптар сақталды. Оқу сабақтары арасында ауаны зарарсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитарлық өңдеу үшін жеткілікті үзіліс жасау қарастырылды. Әр түрлі академиялық топтардың қиылысуын барынша азайту үшін ауыспалы графикті орнатылды (мысалы, бір ағынның басталуы 9.00-де, басқа ағынның басталуы 9.15-те).
Жоғары оқу орнының дәстүрлі форматқа оралуына және оқу процесін оффлайн режимде іске қосу алғышарттарының бірі – Ashyq жүйесінің енгізілуімен қатар, институт қызметкерлері мен білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамыны вакцинациялаудан 100% толықтай өтті. 01.08.2021 ж. бастап Ashyq өткізу жүйесі жұмыс істейді, институт ішінде вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Білім алушылар дене шынықтыру сабақтарын қоспағанда, сабақ уақытында аудиторияларда болған кезеңде бетперде режимін сақтайды.
Институт сайтында ЭТҚ-ны қамтамасыз ету регламенті және оның сақталуы туралы мәліметтер енгізілді. Инстиут аумағына, оқу корпустарына, кітапханалар мен жатақханаларға кіру кезінде Ashyq қосымшасын қолданылады.
Білім алушылардан, педагогтардан, қызметкерлерден, ата-аналардан (заңды қамқоршылардан) және басқа да келушілерден Сovid-19-ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеудің болуын талап етуге жол берілмейді.
Оқу корпустарында, жатақханаларда және инситут аумағында ЭТҚ-ны қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды (қызметкерлер мен білім алушыларды күнделікті термометриялау, кварцтау, дезинфекциялау және т.б.).
50-ден астам адам қатысатын мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ сабақтар аяқталғаннан кейін аудиториялардың уақтылы босатылуын,дезинфекциялануын бақылауды қамтамасыз ету шараларын қабылданды.
Оқу сабақтары кезінде дәліз мен рекреацияларды үнемі желдетіп, ортақ пайдаланылатын жабдықтардың беті үнемі дезинфекцияланады, тамақтану пункттерінде, кітапханаларда және білім алушылардың болатын басқа да орындарында ЭТҚ-ның сақталуы қамтамасыз етіледі.
Ректор атап өткендей институтта күзгі семестрге дейін жатақханаға орналасу қажеттілігін анықтап, сайт арқылы білім алушылар жатақханаға арыз берулеріне болады. Жатақханаға қоныстандыруды ЭТҚ (маскалық режим, байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу) есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Жатақханада бос уақытты және өзге де бұқаралық іс-шараларды (50-ден астам адам) өткізу шектеліп, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимін қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Бөгде адамдардың жатақханаларға баруына тыйым салынады.
Институт басшысы Е.В.Ихсанов қашықтықтан оқыту форматында мыналар ұсынылады деді: сапаны қамтамасыз ету саясатына сәйкес оқыту сапасының мониторингін қамтамасыз ету;академиялық адалдық қағидаттарын сақтау;аттестаттау рәсімдерін прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету;университет қызметін техникалық жарақтандыру, құжат айналымын және коммуникацияларды ұйымдастыру және т. б.
Оқыту форматына қарамастан оқу процесі бекітілген Білім беру бағдарламасы, пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) шеңберінде жүзеге асырылады.
Ректордың тіке байланысына қатысушылар осы жолы көп болды. Олар «Ковид-19» індетіне қарсы вакцина алу жіне алмау мәселесіне, жаңа оқу жылының талаптары мен міндеттері,оқу үрдісінің ұйымдастырылуы,тағы басқа жайларды сұрап ,тұщымды жауаптар алды. Тіке байланыста жатақханаға мұқтаж студенттер және жатақханалардағы орын саны бойынша да ақпарат берілді. Студенттердің тұрғын жайға орналастыру жолдары қарастырылып отырғанын айтты.

Ректор,профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерсайын Валитханұлы ИХСАНОВ барша студенттер мен олардың ата-аналарын,ұстаздар қауымын келе жатқан Жаңа оқу жылымен және 1 қыркүйек – Білім күнімен институт профессор-оқытушылар құрамы атынан шын жүректен құттықтады.

АИГИ Баспасөз қызметі.