АИГИ ректорының кубогы үшін шахмат фестивалі

«Ғ.А.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бірлесіп АИГИ ректорының Кубогы үшін дәстүрлі облыстық Х шахмат фестивалі өтті. Оған облысымыздың әр түпкірінен 8 жастан 80 жасқа дейінгі 64 шахматшы қатысты.Фестивалдің ашылу салтанатында облыс шахмат спортының ардагерлері сөйлеп, АИГИ ректоры,профессор Ерсайын Уалиханұлын жетпіс жас мерейжасымен құттықтап,оның облысымызда шахмат спортын дамытуға және жастарға тәрбие берудегі ерен еңбектерін атап айтты.


Турнир екі күнге созылып,қызықты да тартысты өтті. Оның қорытындысында танымал шахматшы Серік Кенжеев бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Нұрбек Хайоршев иеденді,ал үшінші орынға Ибрагим Ғалымжанұлы ие болды.

Ардагер шахматшы спортшылар арасында 1 орынды Байлаубай Тумбаев жеңіп алды. Әйелдер арасындағы сайыста Диляра Ғабитова жеңіс тұғырынан көрініп, 1 орынды иеленді. Жасөспірімдер арасында 1 орынға Аят Абдуллаев лайық болды.Ал қыздар арасындағы жарыста 1 орынды Тоғжан Аронова иеленіп,жақсы шахмат ойынын көрсетті.Атырау инженерлік-гуманитарлық институты басшылығы атынан барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply