АИГИ: Төтенше жағдайда короновирустан сақтану шаралары (Бейнеконференциядан)

Елімізде короновирус індетіне байланысты  жарияланған  төтенше жағдайларға орай Қазақстан  Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығына және ҚР Білім және ғылым  министрлігінің 14  наурызда  қабылдаған  №108 бұйрығына, сондай-ақ   Қазақстан  Бас  санитариялық  дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №__26-ПГВр   қаулысына  сәйкес  Атырау  инженерлік-гуманитарлық институты   бойынша  шұғыл  іс-шаралар жүзеге  асырылуда.Институттың екі оқу корпусы мен  жатақханасының  бөлмелері, оқу  аудиториялары ,әсіресе  адамдар көп жүретін  дәліздері  карантин  талабына сай санитариялық-дезинфекциялық  тазалау ,желдету,ауысымда кемінде  үш реттен  ылғалды жинау  жұмыстарын  атқарып  тұр.  Мекеме  аумақтары  жүйелі  тазаланып,химикаттармен дизенфекцияланып, өңделуде.   Бөлмелер,аудиториялар  адамдар   кірмес  үшін  мөрленіп, құлыпталды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту технологиясынатолық  көшті (https:37.151.45.5). Онлайн оқытудың негізгі құралы-ZOOM.

Білім  алушылар  түгелдей    үйлерінен  интернет бойынша  онлайнмен   оқу  бағдарламасына  қосылды. Профессор-оқытушылар  құрамы да үйден   интернетпен   онлайн   негізінде жұмыс  жасауда, бейне лекциялар оқып,кері  байланыспен  бағдарлама  бойынша   студенттердің  бағдарламаларды   игеруін   қадағалап  отыр.

PLATONUS білім беру порталында барлық оқу ресурстары (ПОӘК, силлабустар, тапсырмалар, тесттер, жұмыс жоспарлары, дайындық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары, емтихан материалдары, ПОҚ мәліметтері, журналдар, сабақ кестесі, студенттер мен оқытушыларға арналған нұсқаулықтар, видеолекциялар және т.б.) орналастырылды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сайтында aigi.kz «Қашықтықтан оқыту» жеке беті ашылды, онда қашықтықтан оқыту бойынша хабарландырулар, видиоинструкциялар, онлайн дәрістер, видеолекциялар және басқа да материалдар орналастырылған.    Академиялық саясатқа студенттер мен оқытушылардың коммуникациялық құралы ретінде электронды поштаны, платформаларды онлайн логикациялау және тану арқылы сабаққа қатысуды тану бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Институттың академиялық саясатына қашықтықтан оқыту түріне көшуге байланысты келесі өзгерістер енгізілді: Қашықтан  оқыту нысанына ауысу кезеңінде білім жоспарына сәйкес кредит саны мен пәндер саны өзгермейді және де азайып отырған жоқ.

Сабақ күн сайын кесте бойынша, тиісті уақытта, бірақ қашықтықтан оқыту форматында өткізілуде. Оқытушы студентті кесте бойынша белгіленген уақытта ZOOM платформасы бойынша онлайн сабаққа шақырады. Барлық видеолекциялар, видео сабақ материалдары, студенттерге арналған тапсырмалар міндетті түрде  ИИС PLATONUS (ИИС) платформасына  орналастырылуда (https:37.151.45.5).

Сабақ кестесі институт және PLATONUS сайтында орналасқан. Кестеге сәйкес студенттердің сабаққа қатысу жоспарын орындауы, олардың тапсырмаларын орындау бойынша студенттермен кері байланыс, олардың көлемі, тізбесі, саны өзгеріссіз қалады. Егер студент сабаққа дистациялық форматта қатыспаса, тапсырмаларды орындамаса, сессияға жіберу және емтихан тапсыру мәселесі автоматты түрде жойылады.

Оқу процесінің кестесі аралық бақылауды, қорытынды бақылауды тапсыру бөлігінде өзгермейді. Аралық бақылау мен емтихандардың кестелері PLATONUS-да орналасқан. 2 және 3 курс студенттері үшін өндірістік тәжірибелерді өткізу мерзімдерінің өзгеруіне байланысты 2019-2020 оқу жылының академиялық күнтізбесінде өзгерістер жасалды, олар кешірек мерзімге ауыстырылды.

2019-2020 оқу жылындастуденттердің  дипломдық жұмысты алдын ала қорғауы онлайн режимде жүргізіледі. Студенттер  дипломдық жұмыс бойынша ғылыми жетекшілермен    байланысып  жатыр.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау кестесі PLATONUS-та орналастырылады.Диплом жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихандарды өткізу нысандары туралы біз  білім  алушыларды  қосымша хабардар етеміз.
Елімізге төнген қауіп-қатерден өзімізді, өзгені, жанұямызды қорғайық. Біз біргеміз!

                                          Ляззат  Жиенкулова
Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының оқу-әдістемелік  бөлімі  бастығы