« Рухани жаңғыру-2020». Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық көрмесі

Атырау инженерлік – гуманитарлық институты кітапханасы білім алушы студенттеріміз-оқырмандарымызға қажетті кітаптарын қашықтықтан онлайн бойынша оқуына жағдай жасап келеді. Осы ретте әдістемелік қолдау көрсету және “Үйде бол” сақтық шарасы аясында “Рухани жаңғыру” көп кешенді жобасының негізінде, гуманитарлық білімнің түрлі бағыттары бойынша әзірленген кітапхана қорындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітаптарының көрмесін ұсынады. Көрмені онлайн форматында тамашалауға болады.
Қазір АИГИ кітапханасының қорына «Гуманитарлық білім:100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 54 кітап келді. Олардың тұсаукесерлері өткізілді.

Мақсаты – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты әр түрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, қазақ тілінің дамуына зор үлес қосу, жастарға дүние жүзіндегі озық білімнің негізінде дәріс алуға мүмкіндік жасау.

Оқырмандарымызға айтарымыз, төмендегі сілтемелерге кіру арқылы кітаптың электронды нұсқасын оқи аласыздар:

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ – 100kitap.kz
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АШЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – openu.kz

Сәния НИГМАТУЛЛИНА, АИГИ кітапханасының директоры.

Leave a Reply