ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?

Бүгінгі таңда ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады . Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жоддауында заман талабына сай цифрландыру, ақпараттық технологияны жедел дамыту керектігін , білім беру саласында оқытудың да озық әдістерін меңгеруді міндеттеген еді.

Оның үстіне елде аса қауіпті індет короновирус ауруы тарап ,Төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілуі амалсыздан қашықтықтан білім беру форматын енгізуге тура келді. Сондықтан да қашықтықтан білім беру технологиясын жаксы меңгеру керектігін қазіргі таңда өмір талап етіп отыр. Бұл қашықтықтан оқыту технологиясы оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы итерактивті қарым-қатына с әрекеті үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық-педагогикалық әдіс-тәсіл.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары төмендегідей болып табылады:
– кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
– кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып,
-студент мен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына
мүмкіндік беру;
-білімалушыныңмекенжайына,денсаулықжағдайынажәне
материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға
мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда оқу үрдісін қашықтықтан білім беру технологиялары
бойынша ұйымдастыру,мамандықтардың жоғары білімнен кейінгі бағдарлама бойынша оқытылатын топтарында тәжірибе өткізу ретінде
жүргізілуде.

Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды интернетжелі болған жағдайда өзбетінше білім алуға мүмкіндік беретін,ізденуді қажет ететін ерекше жүйе -«Қашықтықтан білім алу жүйесі» болып отыр. «Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін  ұғынуға, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді.  Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың  арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс
жасауына,сонымен қатар,күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып  үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік  жұмысы құрайды.

Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:
– Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
-Икемділік(оқытудыңуақыты,орны,көлемі және қимылы
бойынша);
– Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
– Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
-Экономикалық(оқу алаңы,транспорты,техникалық құралдардың
шығынын қысқарту есебінен);
– Жаңа технологияларды қолдану;
-Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі(олардың
тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
-Барлық елдегі ақпараттық–оқыту ресурстарының шығысы мен
кірісі;
-Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы,оларды тарату
ыңғайлылығы;
– Оқыпүйренушілердің өз – өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялар мен оқытудың айрықша тиімділігі,
қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін,барлық қажетті
компоненттерді шоғырландырушы қашықтықтан оқытудың арнайы
ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады.
Қашықтықтан оқыту–оқытушының студент пен оқыту құралдары
арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалықтехнология(ереже
бойынша компьютерлік техника).
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып
табылады: – кез-келген жерде,кез-келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
-кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялықтехнологиялардыңжаңажетістіктерін пайдалана
отырып, студент пен оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат,оқу
ақпаратына мүмкіндік беру;
-білім алушының мекен- жайына,денсаулық
жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе – тең
дәрежеде білім алуға мүмкіндігібар.
-Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің
негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім
алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған.
Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.
Оқу орындарында қашықтықтан оқыту жүйесі қазір қарқындап
дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда,бұл өте маңызды,
пайдалы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен қатар демократиялық
оқыту жүйесіне жатқызуға болады,себебі кез-келген адам осы жүйенің
арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне
мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады,өзінің білімін жаңа білім
орталықтарымен олықтыра алады.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты–жеке адамды
интеллектуалды дамыту,ақпарат пен жұмыс жасай білуге үйрету және
оның ерекшелігі–ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады.Себебі оқытушының
мұндасабаққақатысуы міндетті емес.
Бұдан педагогикалық жүйенің ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық –оқытушы мен оқушының арасындағы алшақтық.Бұл жүйеде басқа білім
беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады(мақсат,
тапсырмалар,мазмұны,әдісі,оқытуқұралдары),бірақ олар арнайы
интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады.
Қашықтықтан оқыту бұл–оқытудың сырттай,күндізгі түрлерімен
қатар келе жатқан оқытудың жаңа түрі.Оқытуда,адамды тәрбиелеу де
қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына,
педагогикалық психологияға сай болу керек.Сондықтан қашықтағы
педагогиканы ғылым орталығынынан бөлек қарастыру дұрыс емес.
Қашықтықтан білім алу немесе оқыту ол базалық және қосымша болуы мүмкін ( қашықтағы семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар).
Егер қашықтықтан оқыту жүйені өзіндік жүйе ретінде қарасақ,онда
логикалық түрде бірегей ақпараттық білім беру жүйесін міндетті түрде
құру керек деп қорытындылауға болады.Себебі ол барлық мүмкіндіктегі
электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар,
әртүрлі мәліметтер қорын,электронды оқытужүйелері,әдістемелік
бірігулер.
Бұдан біз қашықтан  оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет,яғни электрондық
курстар құру,оқулықтар,оқужүйесін ақпараттық қамсыздындыру,
педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды
немесе тьютор дайындау, оқыту түрлері мен әдістері.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі технологиялары
бар. Кейс технология(ағылшынныңcase–портфель,оқытуда жасалған
әдістемелікматериалдарменжүзегеасырылады)–қағазды,электронды,
өзгеде жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін
жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы
негізінде жинақталған технология.
Оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтан кеңес беруді
ұйымдастыру кезінде мәтіндік,аудиовизуальды және мультимедиалық
оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың
өз бетіншемеңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологияға арналған материалдардың келесі түрлері бар:
1. Әдістемелі нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға
оқу жоспарларындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдаушыда (CD-
ROM)оқуәдістемелікматериалдардыңкешені(кейс)беріледі.
Оқытудың желілік – технологиясына:
– Интернет желісін пайдалану;
– Электрондық поштаны пайдалану;
– Телекоммуникациялыққұрылғыларды пайдалану;
-Мультимедиаменжабдықталған,интернеткешығумүмкіндігібар
желілік компьютерлік класс.
Электрондық пошта арқылы ақпаратты жоғарғы жылдымдықпен
жіберу мүмкіндігінің арқасында студентке көмек дер кезінде,сұранысты
алған соң бірден көрсетіледі.интернет көмегімен студентпен кері
байланыс орнатып қана қоймай,олардың оқу қызметін бақылауға,
бағалауға болады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі
міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын
басқару болып табылады:
– туындайтын мәселелерді қарастыру;
– мақсат пен міндеттерді қою;
– білім, тәжірибелерді беру;
– ұйымдастыру қызметі;
– білімалушылардың арасында өзара байланысты орналастыру;
– оқу үрдісін бақылау.
Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып
табылады:
– кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
– кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;
-оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиялардың жаңажетістіктерін пайдалана отырып,студентпен
оқытушылар арасындағы белсенді сұхбат, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
-білім алушының мекен жайына,денсаулықжағдайына,элитарлық
және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға
мүмкіндігі бар;
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалық
бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды
автоматтандыру,оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы,
көпдеңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен
дағдыны объективті бағалау,ерекше ақпараттық материалдарды
мультимедиалық формада беру,виртуалды өмірге енгізу т.с.с.жаңа
мүмкіндіктерұсынылады.Сондықтанстуденттер өзбетінше жұмыстың техникасымен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өзбетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс істей білуі керек.
Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың,сонымен бірге
ұстаздардың да білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге
мүмкіндік туатынына сенімдіміз және болашақта бағалы нәтиже алатын с екілді сезінеміз.
Кез-келген қашықтықтан оқыту жүйесіне қажетті,аса маңызды
сипаттары:
-Құрылымының ашық жүйе үрдісіне сәйкес
құрылуы тиіс.
– Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
-Кеңейгіштігі.Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және
жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
-Жан-жақтылығы.Жүйе көпфункциялы және қолданыста жан-
жақты болуы керек.
-Сенімділігі.Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек.
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
-Үлестірімділігі.Жүйе әртүрлі желі конфигурациясы жұмысына
бағытталуы керек және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды
қолдауы керек.
-Масштабталуы.Әртүрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің
құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
-Қолданушының ортақ интер фейсі.Қолданушының интерфейсі
қарапайым, түсінікті болуы тиіс.
-Өңдеудің қарапайымдылығы.Өңдеужылдам және тиімді болуы
тиіс.
-Тасымалдануы.Жүйе әртүрлі аппараттық–бағдарламалы
тұғырнамада жұмыс істеуі қажет.
-Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі.Жүйені ақпараттық
толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс.
– Қауіпсіздігі.Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс.
-Басқару қарапайымдылығы.Интерфейс басшысы жеткізерліктей,
қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс.
-Көпмәнділігі.Жүйебірнеше қолданушылардың сұранысын қатар
өңдеу керек.
-Жұмыстың тиімділігі.Жүйенің құрылымы оның аталуын(аты-
жөнін)әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту
керек.
Жалпы қашықтықтан білім беру жүйесінің кеңінен дамуы үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.

К.БАЙЖАСАРОВА,
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Информатика,автоматтандыру және информатика» кафедрасының аға оқытушысы,магистр .

Leave a Reply