АИГИ: ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК

«ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ»
16 желтоқсанда- Қазақ елі Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма тогызыншы жыл! Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Тәуелсіздіктің осы мерейлі мерекесіне орай пандемия тәртібін сақтай отырып онлайн форматтарында көтеген іс-шараларды өткізуде. Соның бір шарасы – институттың Ғылым,халықаралық байланыстар бөлімі мен «Рухани жаңғыру» орталығы, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы ұйымдастыруымен 2020 жылдың 9 желтоқсаны күні өткізілген онкүндік аясындағы «Қазақстан:Жаңарудың жарқын жолы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» формасындағы әңгіме-сұхбат.
«Дөңгелек үстелге» ZOOM платформасы арқылы институттың профессор-оқытушылар құрамы, барлық студенттері, Актау,Атырау қалалаларындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы ғалымдары,магистранттар қатысты.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылым ,халықаралық байланыстар және тәрбие мәселелері бойынша проректоры,профессор Ақылбек Ахметов «дөңгелек үстел» шарасын кіріспе сөзімен ашты. «Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде, 1991 жылдың 16-желтоқсан күні жүзеге асты. ХХ ғасырдың бізге сыйлаған басты бақыты – еліміздің тәуелсіздігі. Бұған жетер жолды халқымыздың сан қилы тағдыры, жүріп өткен иір-қиыр жолдары мен асу-асу белдері жатыр. Тәуелсіздік алғалы бергі жылдарда жас та жаңа мемлекетіміз үшін оңайға соққан жоқ. Сол айтулы белестен әрі қуанып, әрі қобалжып жүріп, ірі қадам жасадық. Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын Қазақ елі айдай әлемге өз тәуелсіздігін жариялап, біз өз тарихымызды алғаш рет жалпақ дүниеге танытқан едік. Бұл әрі тарихи сый, әрі сын еді,- деген профессор Ақылбек Қабиұлы шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, мазмұнды да әсерлі әңгіме айтуға шақырды.
«Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында Ақтау қаласындағы Есенов университетінің профессоры,саяси ғылымдардың докторы Киікбай Жаулин баяндама жасады. –Қазақ елінің үлкен тарихы бар,ал соның ішінде осы елімізге еркіндік сыйлаған Тәуелсіздік -Ұлы күн!,-деді Киікбай Мыңбайұлы.-Тәуелсіздікке қол жеткізуде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен,әсіресе оның Мәңгілік ел идеясының мәні тереңде жатыр… Біздің бүгінгі жастар текті ұрпақтың жалғасы.Соны мақтан етуіміз,ата-бабалар бастаған істі жалғастырып,Тәуелсіздікті мәңгілік тұғырлы етуіміз керек,-деді профессор К.М.Жаулин.
«Тәуелсіздік-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің заңнамалық эволюциясы» тақырыбында Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әділбек Тұрдалиев баяндама жасап,тәуелсіздіктің заңнамалық негіздері,классикалық белгілері, конституциялық заңдылығының қалыптасып, құқықтық мемлекет ретінде әлемге танылуын талдап айтты.
Ақтау қаласындағы Есенов университетінің доценті,тарих ғылымдарының кандидаты Эльвира Абланова «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында» тақырыбындағы баяндамасында Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі дәуірінің алғашқы қадамынан басталған күндерінен бастап 4 кезеңге бөліп, нақты мысалдармен дәлелдеп айтты. Шыны керек, КСРО кезінде дамуы бойынша артта қалған Қазақстан ширек ғасырда барлық жағынан дамып келе жатқан іргелі мемлекеттер қатарына қосылғанын доцент Эльвира Амангелдіқызы ерекше нақты мысалдармен дәлелдеп жақсы айтты.
«Становление государственности независимого Казахстана» тақырыбында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының аға оқытушысы, философия ғылымдары кандидаты,доцент Алма Бисекенова тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін, оның «Рухани жаңғыру» идеясының өміршеңдігін талдап жеткізді.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы аға оқытушысы Гүлфайрус Бозахаева «Тәуелсіздік-ел тұыры» тақырыбында көрнекі слайдтар негізінде әңгімелеп берді.
Онлайн бойынша өткен «Дөңгелек үстел» басындағы салиқалы сыр-сөхбаттарды АИГИ проректоры,профессор Ақылбек Ахметов қортындылады. – Қазақ елінің әр азаматының нұрлы мақсаты, биік арманы – өз халқымның көсегесін көгертіп, мерей-мәртебесін биіктету,елімізді әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылуына өз үлестерін қосу! Ел азаттығы туралы бүгінгідей салихалы әңгімелер айтқанда осындай толғанысты ойлар әркімнің де көңілінде туған еліне – Қазақстанына деген шексіз мақтаныш,махаббат сезімдерін туғызбай қоймайды. Тәуелсіз еліміздің, жеріміздің басқа елдермен терезесі тең болғанына, тіптім кейбір елдердің алдыңғы қатарынан көрінгеніне мақтанамыз! Тәуелсіздігіміз Мәңгі жасасын!!!-деді АИГИ профессоры Ақылбек Қабиұлы. «Дөңгелек үстел материалдары жинақталып,бөлек кітапша етіп шығару да ұсынылды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз қызметі.

16-zheltoksan