АИГИ:Халықаралық байланыс

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Болгария Республикасы
Варна қаласының «БК Білім беру форумы» СНЦ арасында таяуда
ынтымақтастық туралыбес жылға Меморондумға қол қойылды.

         Екі елдің жоғары оқу орны басшылары-АИГИ ректоры,ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерсайын Ихсанов пен Болгария Республикасы Варна қаласының «БК Білім беру форумы» СНЦ Директорлар кеңесінің мүшесі Николай Буюклюев арасындағы Меморандумның басты мақсаты: Болгария,Италия мен Қазақстанның батыс аймағы мен Атырауда білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында ынтымақтастықты қалыптастыру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, екі жақты және халықаралық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға,академиялық оқу жоспарларын алмасуға,несиелік қолжетімділік,франшиз келісімдеріне қол қоюға, университет-партнерлер іздестіруге ықпал ету. АИГИ мүдделерін Болгария мен Италия шеңберінде іске асыру,насихаттау. Ал Қазақстанның батыс аймағында «БК Білім беру форумы» СНЦ мүдделерін іске асыру мен оның оқу-әдістемелік,ғылыми-зерттеу жұмыстарын бұқараға түсіндіру.

         Тараптар бес жыл келесідей бағыттар бойынша ынтымақтастық жұмыстарын қарастырды:

– стажерлар мен магистрларға,докторанттарға консультациялық ғылыми кеңестер беру, студенттердің практикалық іс-тәжірибеден өтуіне, өзара алмасуына мүмкіндік беру.

– тәжірибе алмасу, дәрістер оқу, ғылыми зерттеулер, тағылымдамалар өткізу, конференцияларға және басқа іс-шараларға қатысу үшін профессорлық-оқытушылық құрамды, ғылыми қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлерді тартуға ықпал ету;

– бірлескен семинарлар, конференциялар, мастер-кластар, қысқа мерзімді үздіксіз білім беру бағдарламаларын және т.б. өткізу.

– бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге; екіжақты және халықаралық бағдарламалар шеңберінде бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал ету;

– оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен алмасу, бірлесіп дайындау және басып шығару,бірлескен жұмыстарды ашық баспасөзде,жариялау;

– студенттерге практика мен практиканың барлық түрлерін өткізуді ұйымдастыру;

– қашықтан оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру, өзара қызығушылық тудыратын басқа салаларда ынтымақтастықты дамыту.

          Қажет болған жағдайларда Меморандум тараптарын жүзеге асыруға байланысты кездесулер мен кеңестер,мәселелерді талқылаулар өткізіліп тұратын болады.

          Жалпы, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты еліміздің ішкі және сыртқы жоғары оқу орындарымен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Арнайы келесім-шартпен меморандумдардың екі жақты ынтымақтастығы аясында студенттер мен профессор оқытушылар алмасып білім алуы мен білім беруі және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне жағдайлар жасалып отыр.

          Соның жарқын мысалы «Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өткен жылдары АИГИ-дің Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері Бауыржан Алишер,Бақтығали Амандық Азербайжан мемлекеттік мұнай және өндіріс университетінде ,ал Букеш Алмас Башкирияның Уфа мемлекеттік мұнай және техникалық университетінде бір семестр оқып келді. Олар білім алу мен ғылыми-зерттеу халықаралық байланыстары деңгейінде алған біліми жетістіктері мен тәжірибелерін институттың студенттерімен кездесуде ортаға салды.

          Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға, сондай-ақ ECTS-тың негізгі көрсеткіштерін институттың оқу-әдістеме үрдісіне 2011 жылдан енгізді. Бұл «Академиялық ұтқырлық» орталығының мақсаты отандық және халықаралық академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастық негізінде кәсіби білім беру сапасын арттыру болып табылады. АИГИ-дің халықаралық келісім-шарттарының саны күні бүгінде 16 –дан асты.

                                                                                АИГИ Баспасөз қызметі.