АИГИ:ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ

«PLATONUS» СТУДЕНТТІҢ БАСТЫ КӨМЕКШІСІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Ковид-19» пандемиясы басталған уақыттан бері студенттерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқамалық талаптарына сай қашықтан білім берудің озық оқу-әдістемелік тәсілдері кең көлемде пайдаланылып келеді. Соның бірі- «Platonus» жүйесі. Онымен студенттер кез келген уақытта байланыс жасай алады. Ол үшін арнайы компьютер немесе ноутбук қажет емес. Ұялы телефоныңыз болса да жеткілікті.

Институттағы АИС«Platonus» ақпараттық қашықтан оқыту технологиясы процестерін(һttp://188.0.149.137/) толық автоматтандыруға мүмкіндік береді.Мұнда әрбір студент пен оқытушыға жеке кабинет қарастырылған.Ол әр оқытушыға өзінің негізгі міндеттерін автоматтандыруға ,ал әр студентке институттан қажетті ақпаратты көріп,алуына, қашықтан оқитындар бақылау тапсымалары мен кейстерді лезде алуына мүмкіндік жасалып отыр.

АИС«Platonus» жүйесінде мобильдік қосымша да қарастырылған. Мобильдік қосымша арқылы студент өз парақшасына кіру арқылы бағаларың, аралық бақылау мен емтихан қорытындыларын, яғни пән бойынша қорытынды бағаларды білуіне мүмкіндік алады

Мобильді қосымша іске қосылу үшін алдымен қолданбалы тілді таңдау керек. Одан соң, оқу орнының типі, атауы таңдалады. Кіру батырмасын басу арқылы жеке логиніңіз бен құпиясөз енгізіледі. Басты бетте студент туралы ақпарат пен GPA балы көрсетіледі. Мәзір
бөліміне кіру арқылы Журнал мен Тапсырмалар батырмасын таңдауға болады. Журнал батырмасын басу арқылы күнделікті бағалау критерийлерімен де таныс боласыз. Тапсырмалар бөлімінде оқытушылармен тікелей байланыс орнатылған. Арнайы студент үшін іске қосылған бұл қосымша оқу жүйесін тиімді жоспарлауға көмектеседі.

Мұның барлығы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында бүгінгі пандемия індеті кезінде студенттердің еш қиындықсыз қашықтан сапалы да тиімді білім алуы үшін жасалып отырған жұмыстар.Сөйтіп, профессор-оқытушылар құрамы студенттердің қашықтан академиялық білім алуын қатаң бақылауда ұстауда.

                 АИГИ Баспасөз қызметі.