АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер және ғалымдар!

Ғұлама ойшыл Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы «Ғылым және инновациялар: жаңалықтар, мәселелер мен жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз.

Конференция өтетін орны: «Bilim Innovations Group» орталығы, Алматы қаласы, Қазақстан.
Конференция өткізу мерзімі: 29-30 сәуір 2020 ж.

Мақалаларды қабылдау: 2020 жылдың 28 сәуіріне дейін. Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, түрік және ағылшын. Конференцияны өткізу түрі: қашықтықтан (онлайн).

Конференция шеңберінде келесі секциялар жұмысы жоспарлануда:
 Педагогика және білім беру;
 Гуманитарлық ғылымдар;
 Құқық қорғау, әскери іс және қауіпсіздік;
 Жаратылыстану ғылымдары;
 Әлеуметтік ғылымдар және экономика;
 Өнертану ғылымдары;
 Қызмет көрсету салалары;
 Техникалық ғылымдар және технологиялар;
 Ауыл шаруашылығы ғылымдары.

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Материал автор жүргізген жұмыстың сипаты, мазмұны және нәтижесі туралы анық көрініс беруі тиіс. Мақаланың мазмұны мен жіберілген қателерге автор жауап береді.

 Редактор  Редактор Microsoft Word немесе Open Office Writer
 Беттің көлемі  А4, парақтың бағыты – «кітаптық».
 Беттің параметрлері  Барлық жағынан 20 мм.
 Шрифт  Times New Roman
 Жоларалық интервалы  1.0. (бірлік)
 Абзацтың шегінісі  1,25 см.
 Сурет, кесте, диаграмма, формулаға  Формулалар Microsoft Equation 3.0 редакторымен
 арналған талаптар  терілуі керек. Кестелердің, сызбалар мен суреттердің
атауы көрсетіліп, нөмірленуі қажет.
 Мақала көлемі  4 беттен 8 бетке дейін (пайдаланылған әдебиеттер тізімін қоса алғанда)

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

 ҒТАМР (шрифт көлемі – 12 кегль)
(1 шегініс)
МАҚАЛАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ (12 кегль)
(1 шегініс)
Авторлардың аты-жөні (12 кегль)
Лауазымы, оқу орны немесе қызмет орны, қала, мемлекет атауы
e-mail, тел.номері (10 кегль)
(1 шегініс)
Аннотация: 50-100 сөз (12 кегль)
Кілттік сөздер: 5 сөзден кем емес (12 кегль)
(1 шегініс)
Мақаланың мәтіні (12 кегль)



Қолданылған әдебиеттер тізімі (12 кегль)
1.
2

Қатысу шарты:
Конференцияға қатысушылар kazconf.com порталындағы тіркеуден өтіп,
баяндамасының электронды нұсқасын жіберу керек. Конференция ақылы түрде өтеді.

 Қазақстандық авторларға конференция жинағына материал жариялау
(А4-форматында, әр бетіне немесе 1800 символ, (шрифт – 12 кегль)
 750 теңге
 Конференция жинағының электронды нұсқасын алу  тегін
 Конференция жинағының қағаз түріндегі нұсқасын алу, жеткізу қызметін
қоса алғанда
 1500 тг.
 Конференцияға қатысушының атаулы сертификатын алу  тегін
 Шетелдік авторларға конференция жинағына материал жариялау  20 АҚШ
доллары

Конференция қорытындысы бойынша мамыр айының 10 күні материалдар жинағы
шығарылып, қатысушыларға сертификат беріледі. Конференция жинағында жарияланған
барлық мақалалар kazconf.com порталында электронды түрде орналастырылады.
Толық ақпаратты kazconf.com порталынан алуға болады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
«Bilim Innovations Group» орталығы
Байланыс номері: +7707-4929322
е-mail: info@kazconf.com
Құрметпен, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Leave a Reply