Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына «АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» атты виртуалды көрме

Абайдың өмірі мен шығармалары
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің, қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген.Абайдың шын аты-Ибрахим. Әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс аухатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты,әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдап өсті. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан. Абайдың әкесі 12 жасында оны Семейге оқуға жібереді.

Абай Ахмет Риза медресесінде оқып, Араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Сули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп 3 ай Приходская школада орысша оқиды. Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренеді. Абай орыстың ақын жазушылары Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін білімін,үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.Жас күінде оқи алмағанын, арман етіп кейінгі ұрпаққа,
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім- деп өсиет қалдырады.
Ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кер-тартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
Абай сазгер. Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу мұса, Біржан сал, Ақан сері,Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған.
Өзі де бірнеше ән шығарған. Абай ойшыл. Абай ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Қарасөздер көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Жақсы мен жаманды баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың қара сөздері, ғасырдан артық уақыт өтсе де өзінің қуатты күшін жоғалтпай, тереңдігімен таңғалдырады.Соңғы жылдардағы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды.
Ғұлама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын жаңаша ұғыну жалғаса береді, оның жалынды өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Өйткені Абай арманы-халық арманы.Абай халықпен мәңгі бірге.

Leave a Reply