Институттың кафедра менгерушілері, оқытушылары, декандар, 16 наурыздан бастап толықтай 4 жылдық білім беру,СПО,ВО ,күндізгі және сырттай оқу формалары үшін Қашықтықтан білім беру режимінде жұмыс істейді.
1) Білім алушылардың Қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысуына байланысты түстен кейінгі уақытқа сабақты ауыстыру үшін кестеге өзгеріс енгізу; бөлінген сабақ (50 мин емес, сабақты 10-15 мин дәріс беру, тапсырма беру) “тапсырма” модулінде тапсырма және сол жерде міндетті түрде бағалау керек) сабақты бейне -лекцияға жазып, Платонуста орналастыру керек.
Тапсырмалар түсінікті және анық болуы керек. Егер дәрістік материал жеткіліксіз болса, оларды қалай орындай алатынын ойластыру керек.
2) Оқу процесінің кестесі – 2 және 3 курстардың практикаларын ауыстыруға байланысты өзгеріс. Практика бойынша барлық тапсырмаларды, практиканың барлық материалдарын (күнделіктер, әдістемелік ұсыныстар, практика бағдарламалары, практика кестелері) Платонуста орналастыру, студенттерге WhatsApp арқылы жіберу керек. Өзгертілген Академиялық күнтізбе мен оқу процесінің кестесі Платонуста қазірдің өзінде бар.
3) Қорытынды бақылауды онлайн режимде өткіземіз. Бұл туралы Жеке вебинар болады.
Жұмыс тәжірибесінен алынған материалдары АИГИ-дің профессор-оқытушыларының 2-і чатына жіберілді.
4) Платонустың толымдылығы өз пәндері бойынша 2019-2020 оқу жылына оқылатын барлық пәндерді (ПОӘК, силлабустар, студенттерге тапсырмалар, әдебиеттер) қарау және енгізу қажет.
Силлабустарды материалдардың қолжетімділігі тұрғысынан жаңарту, интернеттен нақты көздерді, ашық университетті және т.б. көздерді көрсету қажет.
Көптеген дереккөздерді беру қажет емес,өйткені оларды таба алмайды, тек олар зерттеу үшін қол жетімді болатын көздер болуы тиіс. Силлабустарға тексеру жүргізу керек.
5) сабақ өткізумен айналыспайтын оқытушылар (барлығы дерлік) Платонуста жұмыс істейік, толтырайық, өз пәндерін толтырайық, жаңа дәрістер әзірлейік, яғни толық әдістемелік және ғылыми жұмыстармен айналысайық.
Мен күн сайын Платонусты қараймын және күн сайын кім кірді, кім жұмыс істейді,барлығы мөлдір,көрініп тұр.
6). ЖОО-да Қашықтықтан білім беруді іске асыру бойынша мәселелерді шешу үшін білім алушылармен және оқытушылармен байланыс орнату бойынша жұмысты күшейту (студенттермен және ПОҚ-пен онлайн кездесулер өткізуді қамтамасыз ету) керек.
Декандар, кафедра меңгерушілері студенттердің Платонусқа қосылу пайызын бақылаңыздар, қоңырау шалыңыздар, шақырыңыздар, қалай қосылуға кеңес беріңіздер және .т. д) егер студент немесе оқытушы өз логинін білмесе, құпия сөзді оларға көмектесіңіз, беріңіз.
7). Антиплагиат. 30-40% қарыз алу, 60-70% түпнұсқалығы. 2 әрекет беріледі. Антиплагиат бойынша комиссия құруға болады, тек түпнұсқалық проценті әлі жеткілікті емес.
8). Оқу ақысын төлеу мәселесі бойынша жағдайға байланысты кейінге қалдырылады.
9) білім алушылардың жай-күйі және олардың жағдайы туралы тұрақты негізде мониторинг жүргізу, студенттермен байланыс жасау, ауырып қалмаған ба, үйде отыр ма?Тексеріңіздер.
10) Ақтоты Қасанова, Жансая Ықсанова Қашықтықтан оқыту шеңберінде проекторингті қамтамасыз ету мәселесін пысықтау қажет;
11) жоғары оқу орнының Call-center жұмысын толық қамтамасыз ету керек .
12) күн сайын Қашықтықтан білім беруді іске асыру мәселелері бойынша бейне-конференциялар өткізетін боламыз. Барлықтарыңда смарт – телефондар, Ноутбуктер, кейбіреулеріңде компьютерлер бар деп үміттенемін. Оқытушылар конференцияға үнемі дайындалып келіп,байланыста болулары керек.
13) оқушылармен де онлайн режимде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауырмаңыздар! Өздеріңді сақтаңыздар! Айналадағы ортаны сақтайық! Сіздер мен бізде сонда бәрі жақсы болады!
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Жамиля Хасанова.
—