«Ассамблея аруы-2021» байқауына қатысты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының КММ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 6 желтоқсан күні Құрманғазы мәдениет үйінде «Ассамблея ару -2021» байқауы өтті. Шараның мақсаты – түрлі ұлт жастарын Ассамблея жұмысына тарту, олардың белсенділігін арттыру.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен шараға қатысқан облыстағы өзге ұлттың 10 аруы қазақ тілін жақсы білетіндіктерін,«Сыр мен сымбат», «Мен өз елімді сүйемін», «Өнерлі өрге жүзеді», «Ұлттық киімдер» және «Біздің ас үй» деп аталатын кезеңдер бойынша бақ сынады. Байқауда Қ. Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенті Марта Куприянова «Ассамблея аруы-2021» атанды.Аталған іс-шараға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері де қатысты.