АИГИ: Белсенді іске-лайықты баға

ОҚЫТУШЫЛАРҒА-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ АЛҒЫСЫ!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылары биылғы қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымшылдықпен өткізуге және онда бақылаушылар болуда белсенділік танытты. Олардың арасында АИГИ-дің оқу-әдістемелік бөлімі бастығы,магистр Ляззат Тілеуқызы Жиенкулова мен Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі батығы,магистр Гүлшат Сакенқызы Нұрпейістің еңбектері ерекше бағаланып, Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Алғыс хатта: «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттары сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесе қол жеткізген бұл жеңісінің халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің орнықты дамуы үшін маңызы ерекше.

Алдағы уақытта «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда  табандылық таныта беретініңізге сенемін.

Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін!

Нұрсұлтан Назарбаев. Нұр-Сұлтан қаласы,2021 жылғы қаңтар»-деп жазылған.

АИГИ ректораты, барша әріптестері Алғыс хат иелері Ляззат Жиенкулова мен Гүлшат Нұрпейісті құттықтап,жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру,Отанымыздың гүлденуі жолындағы еңбектерінде жетістіктер тілейді.

                                      АИГИ Баспасөз қызметі.