АИГИ: БІЗ ЖАҢА ФОРМАЦИЯ ПЕДАГОГТЕРІН  ДАЙЫНДАЙМЫЗ  

Жаңа формация педагогы  – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»,- деп атап айтқан еді  Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Н. Назарбаев.

Сондықтан  әр ұстаз – ХХІ ғасыр педагогына сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.Осы ретте Атырау инженерлік-гуманитарлық институты  профессор-оқытушылар құрамының басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Институт ғалымдары :педагогика  ғылымдарының докторы, профессор  Жамиля Хасанова, PhD доктор, шетел  тілдері кафедрасы меңгерушісі Нұрайна  Қақпанбаева,филология ғылымдары кандидаты ,кафедра меңгерушісі,доцент  Мафруза Матжанова,педагогика ғылымдары кандидаты,аға  оқытушы Баян Өтешева  шығарған «Модернизация системы подготовки  педагогических кадров по образовательной программе «Учитель иностранного  языка»  в  Атырауском инженерно-гуманитарном  институте» атты   кітап  осы талаптарға  сай  студенттерге білім беруде  атқарылып  жатқан   жұмыстар  мен  проблемалардың  түйінін  ағытқан.

Институттың  оқу  семинары  материалдарының   жинақталған  кітабында  профессор-оқытушылар ,ғалымдар,магистранттар  жаңарған талаптарға сай педагог кадрларын даярлау,шетел тілдерін оқытудың  иновациялық әдістері,кәсіби тәжірибеден өткізудің жаңа  әдістемелік нұсқаулары,педагогика ғылымына оқытуда дуальды  білім беру ерекшеліктері және басқа да мәселелер  қамтылған.

Институт  шығарған жаңа ғылыми-теориялық ,практикалық  бағыттағы  жаңа  кітаптар студенттерге   оқу-әдістемелік  құралдар  ретінде  берілуде.

                                                  АИГИ  Баспасөз қызметі.