АИГИ: ДІН МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 2021 жылдың 8
сәуірі күні Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік
әлеуметтік тапсырысы негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу мақсатында студенттерге «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы» атты кездесу өтті. Кездесу іс- шарасындағы әңгімелер пандемия карантині талаптарын сақтай отырып,”Zoom” бағдарламасы арқылы да жүргізілді.

Аталған шарада облыстық Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдауорталығының» бөлім бастығы Дәурен Мақсымұлы Мұхамбетәлиев,«Жәрдем-Атырау» коперативтік діни қорының теолог маманы Амангелді Қалдыбайұлы Оразов және «Жусан» арнайы операциясымен елге келген мүшесі Перизат Жақсылыққызы Еркінбай дін атын жамылған радикалды ағымдардың жетегінде кетпей, білімді дұрыс меңгеріп, Отанға, отбасыңа
қызмет етіп, қоғамға пайдаңды тигізу, мемлекеттің, қазақ елінің дамуына өз үлесіңді қосу керектігі туралы айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Ақпараттық талдау орталығының» бөлім бастығы Дәурен Мақсымұлы дін мәселесінде заңдылықты қатаң сақтау, әсіресе «Вконтакте»,«Instagram», «Фейсбук» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалатынын сондықтан әлеуметтік желіде қараған,
бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті
Дін мамандары студенттердің сұрақтарына тұщымды жауаптар берді.

АИГИ Баспасөз қызметі.