Институт кітапханасының (элекрондық катологпен,элекрондық кітапхананың электрондық контентімен жұмыстары туралы)
Институт кітапханасының цифрлық ресурстарының жай-күйіне тоқталатын болсақ, қазіргі жағдайда білім беру ұйымдарының кітапханалары білім алушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін көтеретін, жаңаша кітап оқуға ынтасын арттыратын қуатты ресурстық орталық болып табылады.
Осы бағытта біздің (АИГИ) институттың кітапханасының кітапхана қоры заман талабына сай әдебиеттермен толықтырылып,оқу процесіне қажетті оқу/әдістемелік электрондық ресурстармен толықтыру қазіргі таңда заманауи талаптарыға сай болып отыр.
Кітапханың негізгі кітап қоры – 162814 дананы құрайды. Электрондық оқулықтар – 65125 дана, яғни негізгі кітап қорының 40% пайызын құрайды.
Кітапхананың мультимедиялық бөлімі компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған және компьютерліқ аудитория ғаламтор желісіне қосылған, барлық компьютерге 18 мамандықтың эл.оқулықтары мен әдістемелік нұсқаулықтары жүктелген. Осы эл.оқулықтар дың эл.нұсқасының Умк-сы, Силабусстары, (УМК) әдіст.кешендері институт бойынша 5 кафедрада жасақталып, жинақталған. Сонымен қатар, Республикалық кітапханааралық электрондық библиотекасы (РМЭБ) ғылыми ресурсының платформасына доступ жасалып, қолданушылар сабақтарына пайдаланып отыр.
Сондайақ, Open.u Қазақстанның ашық университетіне пайдалануға рұқсат етілген. Оған тіркеліп жазылу, пайдалану біздің институттың атауын жазу арқылы жүзеге асып отыр. Сайттан лекцияларды, кітаптың электрондық нұсқасын жүктеп алып сабақтарына пайдаланып отыр,бұл жаңадан оқуға түскен студентер үшін өте пайдалы ақпарат, себебі телеф.смартфоннан қосымшаны (приложениені) жүктеп кез-келген уақытта қарай алады, бұл дегеніміз қазіргі жастар үшін мемлекетіміздің жасап отырған үлкен мүмкіндігі.
“Рухани жаңғыру” көп кешенді жобасының негізінде гуманитарлық білімнің түрлі бағытындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша әзірленген, біздің институт кітапханасы қорына келіп түскен 3252 дана оқулықты https://100kitap.kz/kz/books. сайтынан табуып жүктеп аласыздар.Сонымен бірге кітапхана қолданушылары басқа жоғарғы оқу орындарының электронды ресурстарын пайдалана алады.
Институт кітапхана қорын қазіргі заманғы әдебиеттермен, сондай-ақ, білім беру процесін тиісті ақпарат қорларымен толықтырылуға басшылық жасайды.
Осы жылдар ішінде, университет «Нұр – пресс»,«Бастау», «Лантер-трейд» «Экономика», жоғары оқу орындарының бірлестігі, «Қазақ университеті», «Академия», «Е.А.Букетов» атындағы Қарағанды университеті баспаларымен келісім-шарт жасасып, тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Кітапханалық – ақпараттық қолдау көрсетуді пайдалану мақсатында Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапханамен (РМЭБ), Батыс Қазақстан филиалы Акцонерлік қоғамы «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы», Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік универсиеті кітапханасы, С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті кітапханасы, Атырау қалалық №1 кітапханаларының электронды кітапханаларының ресурстарын пайдалану үшін келісім шарт жасасқан.
Аталған оқу орындарының сайтына қажет уақытта кіріп, қажетті материалдармен танысып, оқу әдебиеттерін пайдалануға құқылы.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, электрондық ақпарат ортасының құрамдастары, компьютерлік желілер мен цифрлық технологиялар ақпарат- кітапхана қызметін көрсетудің дәстүрлі тәсілдерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта да кітапхана қолданушылары-студенттеріміз бен профессор-оқытушылар құрамы үшін институттың желілік жоспары бойынша іс шаралар кешені жалғасын таба бермек.
Сәния НИҒМАТУЛЛИНА,
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты кітапханасының директоры. 25.09.2020 жыл