Бәсекеге қабілетті, білімді һәм заманға сай бейімделген мамандар даярлау басты мақсаты болып табылатын Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында соңғы жылдары елдегі эпидемиологиялық карантиндік қиын жағдайларға қарамастан білім беруді қашықтан жүргізе отырып, сапасы мен тиімділігін арттыруда біраз жұмыстар атқарылуда. Институтта ашық лекциялар циклы, семинар-тренингтер,конференциялар және басқа да іс-шаралар онлайн форматында өтіп келеді.Олардың материалдары арнайы жинаққа топтастырылып ,кітап болып шығарылуда.
«Основные направления модернизации подготовки инженерных кадров по направлению «Инженерия и инженерное дело» в Атырауском инженерно-гуманитарном институте» атты жақында шығарылған жаңа кітап осындай оқу семинарының материалдар жинағы. Оның авторлары: Ерсайын Ихсанов-ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі,институт ректоры, Нәсіпқали Сейітов -Геология-минералогия ғылымдарының докторы,профессор, Ақтоты Касанова -магистр,институт аға оқытушысы.
Жинақта Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында білім беру саясатының бірден-бір маңызды бағыты қазіргі қоғам талап етіп отырған талаптарға сай білікті инженер кадрларын даярлаудың жаңа формадағы әдіс-тәсілдері мен оларды жүзеге асыру жайлары кең жазылған.
Кітапта институт оқытушысы,магистр Элмира Қуанбаева,институт профессоры,техника ғылымдарының кандидаты Мурат Ликаров, профессор,институт оқу-әдістемелік мәселелер бойынша проректор Жамиля Хасанова және басқа профессор-оқытушылар мұнай-газ инженериясы,қашықтан білім беру,дуальды оқыту,кәсіптік білім беруді модернизациялау тиімділігі,білім беру үрдістерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану және басқа да мәселелер қамтылған.
АИГИ баспасөз қызметі