“Кәсіби қаржыгер –еліміздің тірегі мен болашағы”
2020 жылғы 13 қарашада Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Бизнес басқару және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен “Кәсіби қаржыгер –еліміздің тірегі мен болашағы”тақырыбында онлайн-конференция өтті. Бұл шара тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық валютасына 27 жыл толуына орай өткізілді. Конференция жұмысына Атыраудағы банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері, АИГИ-дің профессор-оқытушылар құрамы, экономика,қаржы мамандықтарының оқытушылары және студенттері қатысты.
Кәсіби қаржыгер – тәуелсіз еліміздің бірден-бір тірегі мен болашағы екені сөзсіз. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ел экономикасына қажетті қаржыгерлер мен экономист мамандарды дайындауда үлкен тәжірибесі бар жоғары оқу орны. Осы институтты бітірген жастар Атырау мен Астана ,Алматы ,сондай-ақ республикамыздың әр қиырында қаржы орталықтары мен ұйымдарында жұмыс жасап жүр. Тек биылғы жылы қаржыгер-экономист дипломын алған бірнеше жас маман екінші деңгейлі банктерге жұмысқа орналасты.
Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Бизнес басқару және құқық» кафедрасы меңгерушісі Б.Д.Исеев Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және Қазақстан қаржыгерлерінің кәсіби мерекесі туралы және институттың болашақ қаржыгерлерді дайындауісіндегі оқытушылар жұмыстары туралы айтты.
«АТФ банктің бөлімшелері және олардың функциялары» туралы АО АТФ банктің қаржы бөлімі бастығы Т.А.Қазиев, «Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын жетілдіру бағыттары мен даму жолдары» туралы АО АТФ банктің қаржы менеджері Э.М.Құспанова айтып берді.
«Блокчейн технологиясы және бухгалтерлік есеп» жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдері жайлы «Каспий Контакт» ЖШС бас бухгалтері Р.Ж.Нураева тақырыбында талдап айтты. Ал «Отандық кәсіпорындардың қаржылық жоспарларын талдау» тақырыбында АИГИ «Бизнес басқару және құқық» кафедрасы оқытушысы ,магистр А.У. Өмірбаева, «Казахстанская банковская система в условиях глобализации» тақырыбында институттың оқытушысы,магистр А.Б.Абдрахманова баяндама жасады.
«Цифрлық банктер моделдері:шетелдік тәжірибе» тақырыбында АИГИ студенті Н.Ж. Аяпбергенова мен «Как короновирус повлиял на экономику Казахстана» тақырыбында қаржы мамандығының студенті А.С.Саркулова зерттеу материалдары бойынша жақсы баяндап жеткізді.
Онлайн-конференция жұмысын АИГИ реторының кеңесшісі,педагогика ғылымдарының докторы,профессор Ж.С.Хасанова қортындылап, тәуелсіздігіміздің символы-Ұлттық валюта Теңге күнінің ерекшелігі ,1993 жылдың 12 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойып, ал 15 қарашада Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енгені, ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталғаны туралы естеліктерімен бөлісті. АИГИ-ден қаржы мамандығын оқып, қаржы ұйымдарында жақсы жұмыстарымен көрініп жүргендерін жас мамандардың көп екенін атап айтты. Институт басшылығы атынан ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен конференцияға қатысушылар мен барша қазақстандықтарды құттықтады.
АИГИ Баспасөз қызметі.