Бәрекелді! АИГИ-дің ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау  инженерлік-гуманитарлық институтында жоғары шығармашылықпен жұмыс істейтін,  кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті мол, ақпараттық-коммуникативтік технологияны жақсы  меңгерген   педагогтарды анықтау мақсатында 2020  жылдың  20  қарашасы  күні  «ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -   2020»  байқауы өткізілді.  

   Байқауға  институтта бірнеше  жылдан бері абыройлы,шығармашылық ізденіспен жұмыс  жасап,  ұстаздар арасындағы облыстық,республикалық бірқатар  байқауларда жүлдегер  атанып жүрген  педагогтар  қатысты. Байқауда ұстаздар  өз портфолиолары мен педагог қандай болуы керектігі  және білім берудегі инновация тақырыбында  бейне – сабақ  жазбасын және сабақ әзірлемелері туралы  презентацияларын   ұсынды. 

    Байқаудық қорытындысы бойынша  «Автоматтандыру,басқару және коммуникация» кафедрасы аға  оқытушысы,магистр  Гүлжүзім Меңдіғалиева «Үздік  оқытушы»,  Ғани Сұлтанова «Үздік пән  оқытушысы» , «Жалпы білім беру пәні»  кафедрасының  аға  оқытушысымагистр  Гульфайрус Бозахаева  «Жаңашыл ұстаз» «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының оқытушысы  Динара  Құбашева  «Креативті  оқытушы», «Бизнес басқару және қаржы» кафедрасының  аға оқытушысы,институт ғылыми жұмыстар бөлімі басшысы,магистр Гүлшат Ихсан  «Ғылым  жанашыры»  номинацияларын жеңіп  алды.    

   Жалпы институтта  педагогтар арасындағы байқау   тартысты да  жоғары  дайындықпен ,үлкен  ұйымдастырушылық  деңгейінде өтті. Байқауға  қатысқан  педагогтардың  бәрі де  өз пәндерінен  діріс берудің  шеберлері екендіктерін  көрсетті.Барлығы  да  жоғары номинацияларға лайық болды,  алайда комиссия үздіктердің ішінен  үздігін таңдап  алды. 

      Байқау  жүлдегерлері  мен  үздік  танылғандар  институт  басшылығының  Дипломдары  және   Алғыс хаттарымен марапатталды. Енді байқау жүлдегерлері  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігінде   қашықтан  өтетін  «Үздік педагог-2020» республикалық  конкурсына  қатысатын  болады.  

  АИГИ Баспасөз қызметі.