Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының (АИГИ) Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен «Рухани жаңғыру» орталығы 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қашықтан білім беру бағдарламасы аясында « Бірлік пен татулық – ел тұтастығының кепілі» тақырыбында мерекелік онлайн-конференция өткізді.
Онлайн конференцияны Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры,профессор Жамиля Хасанова ашып,құттықтап сөз сөйледі.
-Бұл мереке – барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі. Олай болса, баршаңызды осы жарқын мерекемен институт басшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын,-деді проректор Жамиля Садыққызы.
Конференцияда «Бірлік пен ынтымақ-ел тұтастығының кепілі» тақырыбында АИГИ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі А.З.Кенжеғарина баяндама жасады.
«Ел бірлігі – Тәуелсіздіктің басты даму құралы. Ал, тәуелсіздіктің тұғыры–халықтың ынтымақтастығы. Әрбір азамат халықтар достығын көзінің қарашығындай сақтауы керек!»-деді кафедра меңгерушісі Арайлым Кенжеғарина.
«Рухани жаңғыру-ұлт бірлігін арттыру жолындағы жаңа белес» тақырыбында АИГИ «Рухани жаңғыру» орталығы директоры Е.А.Биғалиев баяндама жасады.
-«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Тәрбиені алдымен жастардан, жас ұрпақтан бастауымыз қажет. Сапалы білім мен тәлімді тәрбие ғана ел болашағын мығым етудің кепілі. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс,-деді «Рухани жаңғыру орталығы директоры Е,Биғалиев.
«Толеранттық пен өзара келісім-ынтымақ негізі» тақырыбында институттың Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы оқытушысы, магистр Б.Д.Жұбанов баяндама жасады.
Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық,-деді саясаттану магистрі Болат Ділмұханұлы.
Қашықтан оқыту аясындағы онлайн конференцияда институттың Экономика және кеден ісі кафедрасының меңгерушісі Алмас Садықов сөйлеп,Қазақстан халқының бірлігі күні туралы айтып,жүрекжарды жыр шумақтарын оқып берді.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз қызметі