Биылғы оқу жылы елімізде ауыр індет короновируспен күрес науқанына орай өзіндік қиындықтарымен жүрсе де жоғары оқу орындарында білім мен тәрбие беру үрдістері бір сәтке де тоқтаған жоқ. Мұны Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының білім мен тәрбие беру,ғылымды дамытудағы жұмыстары барыстарынан айқын көресіз.
Институт профессор-оқытушылар құрамы карантин уақыты басталған наурыз айынан қашықтан білім беріп,оның методикалық әдістерін толық меңгеріп,оқу жылын жаксы аяқтады. Оқытушы-профессорларымыз қашықтан жұмыс жасай отырып, республикалық ғылыми-практикалық жобалар, имидждік шараларға мен байқау-конкурстарға да қатысып және өткізіп келеді.
Осындай таяудағы жақсы шараның бірі- Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушылары СҰЛТАНОВА Ғайни Төкенқызының «Жоғары оқу орнының үздік педагогы -2020» атты Республикалық байқауының жеңімпазы атанып, Бірінші дәрежелі Дипломмен, ал институттың шетел тілдері кафедрасы меңгерушісі. PhD докторы ҚАҚПАНБАЕВА Нұрайна Мелісқызы «Қазақстанның үздік ғылым кандидаты-2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, білім мен ғылым саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Бірінші дәрежелі Дипломмен марапатталуы болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арналған Жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттауы мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілеттерін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен осынау республикалық үлкен байқауларда жүздеген таңдаулылар арасынан АИГИ оқытушылары Сұлтанова Ғайни Төкенқызы мен Қақпанбаева Нұрайна Мелісқызының ғылыми- жобалық жұмыстары үздік танылуы педагогикалық ұжымның абыройы, тәжірибелі педагогтарымыздың ізденісті еңбектерінің жемісі.
Айта кетейік, аталмыш республикалық байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп қашықтан,онлайн форматында мұғалімдердің интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін тексеруі, өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасауы, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыруы, ғылыми- инновациялық жұмыстарда кәсіби батылдығын және дербестігін дамыту мақсатында өткізген болатын.
Атап өту керек, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында көптілді білім беру жобасы әзірленді. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.
«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Әріптес педагогтарымыз Қақпанбаева Нұрайна Мелісқызы мен Сұлтанова Ғайни Төкенқызын Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректораты шын жүректен құттықтап,жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жолында үлкен табысты қадамдар тілейді.
АИГИ Баспасөз қызметі