Әлемді шарпыған қауіпті дерт Қазақстанды да айналып өтпеді. Тұңғыш Президент, «Nur-Otan» партиясы төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл шешімдеріне сәйкес қолға алынған шарада 7000-нан астам адамға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған. «Nur-Otan» партиясы халыққа ең керекті бетперделер, санитайзер, сабын мен қолға арналған антисептиктері бар жинақтарды үлестіруді бастады.
Осы орайда, елімізде басталған «BIZ BIRGEMIZ» атты бірыңғай акция Атырау қаласында да «Nur-Otan» партиясы басшылығымен жалғасын тапты.
Бүгін, яғни наурыздың 23-інде,Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде “Nur Otan” партиясының ” BIZ BIRGEMIZ ” акциясына Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов бастаған «Арай» бастауыш партия ұйымы еріктілері де белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар Атырау қаласындағы көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға барып,Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, азық-түлік тағамдары пен аурудан алғашқы дәрігерлік қорғаныш құралдарын тарту етті.
АИГИ-дің «Арай» партия ұйымы хатшысы Гүлжүзім Меңдіғалиева мен қалалық «Nur-Otan» партиясы қызметкері Айсұлу Қадірқұлова: «BIZ BIRGEMIZ » акциясы аясында кемінде 500 отбасын қамтамасыз ету жоспарланғанын, оның ішінде ардагерлеріміз және жалғыз басты қарттарымыз барлығын , сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен ,жоқ-жітікті отбасыларға да көмек көрсету көзделгенін айтты.
Осы шара аясында қаламызың еріктілері 250-ден астам отбасыға көмек көрсеткен. АИГИ еріктілері алдағы күндерде де де акция аясында және одан тыс уақытта да көмектерін көрсете беретін болады.
Біз бірге үлкен күшпіз. Төтенше жағдайда бірлігіміз бен ынтымағымызды, ұйымшылдығымызды арттырсақ алынбас қамал жоқ. Қазіргі күндері елдегі сыни жағдайда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар,жалғыз басты қариялар,жетім-жесірлер үшін ең керекті дәрігерлік қорғаныш, антисептик заттарды, азық-түлікті жеткізіп беру маңызды іс. Осынау акцияға қолдау жасаған Атырау облысы мен қаласы «Nur-Otan» партиясы филиалдары , Атырау өңірі кәсіпкерлеріне және осы заттарды жеткізіп беріп жатқан еріктілерге халықтың алғысы шексіз!
АИГИ Баспасөз қызметі.