ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДАҒЫ АИГИ СТУДЕНТІНІҢ ЖЕҢІСІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері әртүрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік форумдар мен конференцияларға белсенді қатысып келеді. Институт студенттері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 2021 жылдың 31 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ” Жастардың цифрлық форумы YDF- 2020″ («Youth Digital Forum») атты 2-ші Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына жақсы ғылыми жобамен қатысты.

Аталған конференцияда «Экономика мен менеджменттегі цифрлық технологиялар» бағыты бойынша келіп түскен 35 ғылыми жобалық жұмыстың ішінен АИГИ-ның 6В04103 «Есеп және аудит» білім бағдарламасының 2 курс студенті ТҰЯҚБАЙ Анар Болатқызы «ҰЙЫМ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КОНТЕКСІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТТАРЫ» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу мақаласы үздік деп танылып, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің арнайы Сертификатына ие болды. Студентті халықаралық ғылыми додаға дайындаған ғылыми жетекшісі АИГИ аға оқытушысы,магистр Ляззат Тілеуқызы Жиенкулова.

Онлайн форматында өткен бұл «Жастардың цифрлық форумы YDF-2021» конференциясының басты мақсаты Қазақстан Республикасы жас ұрпақтарының ғылыми-зерттеу потенциалын арттыру,оларды ғылымға кеңінен тарту,IT технологияны дамытып, цифрлық трансформация саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған.

Студенттік ғылым елдің барлық ғылыми-кадрлық әлеуеті “бастамаларының басы”; десе артық емес. Сондықтан да Атырау инженерлік- гуманитарлық институты білім алушылардың ғылыммен терең шұғылдануына мүмкіндіктер жасап отыр.

АИГИ-де оқу процесі үздіксіз ғылыммен байланысты, мұнда студенттік ғылымға ерекше рөл бөлінеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу процесінің барлық сатыларында және барлық ұйымдастырушылық деңгейлерде жүргізіледі.

АИГИ ректораты студент Тұяқбай Анар мен ғылыми жетекшісі Ляззат Жиенкулованы 2-ші Халықаралық студенттік ғылыми- практикалық онлайн-конференциясындағы жоғары жеңістерімен құттықтап,алда да ғылым жолында шығармашылық табыстар тілейді!

АИГИ Баспасөз қызметі.