«Иновациялар-әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты    British Council (Британдық кеңес) және «Шеврон» компаниясымен бірлесе  «I-SEED: Инновация – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру»  жобасы аясында  институт пен колледж  оқытушылары,студенттерінің қатысуымен  нарықтық экономика жағдайында шағын кәсіпкерлік пен іргелі бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін  талқылаған  10 күндік тренинг   өткізді. Тренингті АИГИ –дің  Бизнесті  басқару  және құқық  кафедрасының  аға оқытушысы,магистр Нұрпейіс Гүлшат Сакенқызы мен танымал тренер, кәсіпкер Қалдарбеков Бағлан Маратұлы  жүргізді. Тренинг курсына 25 адам қатысып,жақсы нәтижемен аяқтап,халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.

Тренингтік талқылау сабақтарда қатысушылар интерактивті тренинг құрастыру алгоритмі,  коммуникативті дағдыларды  дамыту, өмірлік дағдыларын дамыту, жоба менеджменті,әлеуметтік кәсіпкерліктің  актуальды жағдайларын сараптады.

Бағдарлама шеңберінде студенттер әлеуметтік жобаларды дайындады және іске асырды. Соның арқасында олар әлеуметтік мәселелерді жобалау және нәтижелі шешімге келуден  практикалық тәжірибе алды, бұның өзі бағдарламаның өте маңызды  қорытындысы болып саналады.

-I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға және әлеуметтік мәселелерді  әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы тұрақты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жоба Қазақстандағы белсенді жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетінің дамуына елеулі дәрежеде  көмектеседі,- дейді тренер,  АИГИ-дің Бизнесті  басқару  және құқық   кафедрасының  аға оқытушысы,магистр  Гүлшат Сакенқызы.

АИГИ Баспасөз қызметі.