АИГИ:Кәсіптік бағдар

Мамандық таңдау – күрделі шешім

Жыл сайын мектеп бітіретін түлектердің алдында  ойын онға, санасын санғабөлетін үлкен міндет тұрады. Ол – болашағы бар мамандық таңдау. Мамандық таңдау – келешекті таңдау.  Бұл-өмірдегі ең күрделі шешім.  Сондықтан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты басшылығы осы бастан әрбір оқушының мамандық таңдауда қателеспеуіне барынша көмек қолдарын созып отыр.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу шеңберінде институттың Әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры Бақберген Қарабаев ,Экономикалық-гуманитарлық факультеті деканы, география ғылымдары кандидаты,профессор Мағыпар Қуанов,студенттер практикасы жөніндегі менеджер Нұрберген ,оқытушы Ринат Абдіғалиев наурыздың алғашқы күнінен бастап Исатай және Құрманғазы аудандарында мектептер ұстаздарымен,оқушылармен және ата- аналармен кездесулер өткізуде. Сонымен қатар кездесу жиналыстары ZOOM платформасында онлайн форматта да өткізіліп, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жоғары білімді мамандар даярлауы мен артықшылықтарын кеңінен таныстыруда.

« Мамандықты қалай дұрыс таңдатуға болады? Баланың дұрыс мамандықты таңдауында мұғалім мен ата-ананың рөлі қандай? Осы аталған сұрақтарға нақты жауап бере алғанда ғана, біздің алдымыздан шығатын шәкірт өз болашағын нақты жоспарлай алатыны анық. Мамандық таңдау алдында кез келген жасөспірім ата-анасынан кеңес күтеді. Алайда көп ата-ана балаға кеңес берерде қателіктерге бой алдырып жатады. Қазір ата-аналар қазақи ұғым бойынша балам жоғары оқу орнында оқыса, ірі лауазымды қызмет атқарса деп армандайды. Ал әр баланың даму ерекшелігі мен  қабілеті  әртүрлі екендігін ескере бермейді»,-деді АИГИ проректоры Б.Қ.Қарабаев Исатай ауданының мектептеріндегі кездесуде.

«Баланы ең алдымен еңбекқорлыққа тәрбиелеуіміз керек. Алдымыздағы әр балаға мамандықтың жаманы болмайтындығын жіті түсіндіріп, әрқайсысын жасаған ісін жақсы көріп, жауапкершілікпен адал істеуге үйретуіміз керек. Мақсат жақсы маман болу
екендігін баланың санасына құя білу – басты қажеттілік. Жақсы маман өз ісінің шебері болуы үшін таңдап жатқан мамандықтарына қабілетінің қаншалықты сай келетіндіктерін, сол мамандықты игере ала ма, жоқ па бұл жөнінде де түсіндірме жұмысын жүргізуді
ұмытпағанымыз жөн. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты профессор- оқытушылары түлектерге кәсіби бағдар беруде қаншама жылдан бері осы бағытта жұмыс жасап келе жатқанын декан,парофессор М.С.Қуанов айтып берді. Ол ұстаздардың шәкірттерді төменгі сыныптан бастап, болашақ мамандықтарын таңдау керектігін, ол кәсіптің өздері үшін де, қоғам үшін де пайдалы болуы керектігін саналарына құю керектігін жеткізді.

Институт өкілдері АИГИ беретін мамандықтардың ерекшеліктері бойынша оқушыларға мәлімет берді. Мағлұмат бере отырып, оқушылардың таңдаған мамандықтары бойынша болашақта қандай жұмыстар жасай алатындықтары туралы қызықты ақпараттарымен таныстырды.

«Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті еліміздегі ЖОО–нын бітірушілердің еңбекке орналасуы бойынша рейтингі АИГИ беделінің едәуір жоғары екенін осы жыл басындағы рейтингі қортындысында көрсеткен болатын.

Бағалау нәтижесі бойынша Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын 2020 жылы бітіргендердің 84 проценті жұмысқа орналасқан. Сөйтіп АИГИ оқуды бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша Қазақстандағы ЖОО орындарының үздік ондығында Қазақ-Британ техникалық университеті мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінен кейінгі 3-і орында келеді.

Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөліп отыр. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар кеңінен жалғасуда. Бүгінгі таңда АИГИ 17 мамандық бойынша 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 140 келісім-шартқа қол қойды

2020-2021 жаңа оқу жылынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жаңа мамандыққа: 6В04104 – Менеджмент және басқару (бакалавриат) мамандығына оқытуды бастады.

«Менеджмент» мамандығы бойынша түлектер менеджер квалификациясы мен «бакалавр» (4 жыл) академиялық дәрежесін алады. Олар еліміздегі іргелі кәсіпорындарда, фирмалар, корпорациялар мен ұлттық компанияларда басқарушысы бола алады.

Сондай-ақ «Менеджмент және жергілікті басқару» мамандығын бітірген мамандар Үкіметтегі мемлекеттік қызметкер ретінде қызмет атқаруға құқы салыстырмалы түрде жоғары, себебі бұл түлектер мемлекеттік және жергілікті басқарудың ғылыми негізін оқыған мамандар болып табылады.

АИГИ-еліміздегі акредиттелген үздік жиырма жоғары оқу орындарының бірі. Біздің институтта әр студент халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламалары бойынша білім ала отырып, әр салада жоғары білікті маман болуға барлық мүмкіндіктері бар.

Қазір институт 17 білім бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды.Атап айтсақ,олар:

-Бизнес және басқару;
-Құқықтану
– Ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар;
– Телекоммуникация;
– Инженерия және инженерлік іс;
– Өндірістік және өңдеу салалары;
– Стандарттау, сертификаттаужәне метрология (салаларбойынша));
– Сәулет және құрылыс;
-Тіл және әдебиет бойынша қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдерін даярлау.
– Информатика ;
-Есеп және аудит,Қаржы және басқа амандықтар.

Институт көптілді білім беру жобасы бойынша жұмыс жасайды. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – ғылым докторы,профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.

«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген. Биыл,яғни 2021 жылы институтты 500-ден астам студент бітіретін болады

Жалпы АИГИ-ге республикамыздың әр қиырынан,сондай-ақ көрші елдерден оқуға тілек білдірушілер көп келеді. Әсіресе көрші Өзбекстан,Ресей елдерінің жастары да келіп оқып жатыр. Алыс аймақтардан келетін талапкерлер үшін институттың жайлы жатақханасы бар,онда студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған.Күнкөріс деңгейі төмен,әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж отбасы балалары үшін жеңілдіктер де ойластырылғанын айту керек.

Мектеп бітіргелі отырған түлек мамандық таңдамас бұрын: «Бұл жұмыс маған не береді?»-деген  өте маңызды бір сұраққа жауап бере алуы керек. Жастар – мемлекетіміздің маңызды капиталы. Сондықтан да олар мамандық таңдағанда қателеспегендері абзал. Мамандық – олардың ақылмен сүретін алдағы үлкен өмірі. АИГИ берген білім мен мамандықпен өздерін қызықтырған саланы игере білсе, сонда ғана олардың қоғамды, елді биікке жеткізетіндері сөзсіз.

Ермек Биғалиев, АИГИ Баспасөз қызметі.