Байқау жеңіпаздары

Байқау жеңіпаздары

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы оқытушысы,магистр Эльмира Амантұрлы қызы ҚУАНБАЕВА Қазақстан республикасының Білім және ғылым комитеті,Мемлекет тарихы институты мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» және«Bilim orkenieti» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары мен студенттері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның жыл мұғалімі -2020» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, Екінші ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды. Білім беру мен ғылымды дамытудағы елеулі үлесі үшін «Қазақстанның жыл мұғалімі -2020» арнайы төсбелгісін иеленді. Оның ғылыми-зерттеу еңбектері «Қазақстанның жыл мұғалімі-2020» республикалық байқауының үздік материалдары жинағына енгізілді.

Сондай-ақ Эльмира ҚУАНБАЕВА «Қазақстанның үздік магистрі» республикалық байқауында да жеңімпаз атанып, 1-ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН және арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушылары Ақгүл Оңдасынова мен Ринат Абдугалиев те «Қазақстанның үздік магистрі» республикалық байқауында жеңімпазы атанып, Бірінші дәрежелі Дипломмен және төсбелгімен марапатталды.

Әріптес педагогтарымызды Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректораты шын жүректен құттықтап,жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту жолында үлкен табысты қадамдар тілейді!

                                                               АИГИ Баспасөз қызметі.