Праймериз «ДЕНІ САУ БОЛУ-БАҚЫТТЫ БОЛУ!»

Қазақстан тарихында тұңғыш рет “Nur Otan” праймеризі жалпы республикалық партия ішілік сайлауы өтеді. Оның  нәтижесінде  “Nur Otan” партиясы  Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығының тізіміне енетін  таңдаулы  үміткерлерді  анықтайды. 

  Нұротандықтар арасында үміткерлерге дауыс беру 17 тамыз бен  3 қазан аралығында өтуде. Праймериз 5 кезеңнен тұрады.  Атап айтқанда, кандидаттарды ұсыну және тіркеу; оларды үгітке даярлау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беруді және  тізімдерді дайындау. Праймеризге таңдалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың нақты саны тіркеу аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады.

    «Мықты лидерлер – мықты партия» қағидаты бойынша іріктелген көшбасшыларды партия қатарына тарту мақсатында жарияланған праймеризге  үміткерлер қатарында Атырау №3 қалалық емхана директоры,  Халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау магистрі Өтегенова Айман Бағытжанқызы  да бар. 

     Айман Бағытжанқызы  25 қыркүйек күні  Атырау  инженерлік-гуманитарлық  институтының профессор-оқытушылар  құрамымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасымен  таныстырды, жалпы денсаулық саласын өркендету  жолындағы ойларымен  бөлісті.

    «Адамның ең басты байлығы әрқашанда оның денсаулығы..  Денсаулық тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның байлығы. Дені сау ұлт қалыптастыру мен адам әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау – әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етуге және өмір сүрудің жоғары сапасына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік саясаттың сәтті жүзеге асырылуының басты кепілі. Сондықтан халық денсаулығын сақтау және нығайту – Қазақстан Республикасы дамуының негізгі басымдықтарының бірі» – деді Айман Бағытжанқызы..

    Ол медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттарға сәйкес жаңғырту, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезеңінде инновациялық технологияларды енгізу және адам ресурстарын дамыту есебінен халықтың медициналық қызметтерге қол жетімділігі арта түскенін атап өтті.

    «Халықтың денсаулығын сақтау және жетілдіру Қазақстан үшін басымдық болып табылады. Әрине, әрбір адам өз денсаулығына жауапты екені белгілі. Бұл мәселеде мемлекеттің міндеті халықтың денсаулығын сақтау мен нығайтуға жан-жақты қолдау көрсету үшін қажетті жағдай жасау болып табылады. Болашақта денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асырылуы адам капиталын сапалы жақсартуға әкеледі» – деді Айман  Өтегенова. Осы ретте  Атырау қалалық №3 емханасында атқарылып  жатқан  көптеген игі  істер  туралы айтып берді. Қазір емхананың   қызмет көрсету  аясы ұлғайды.Қаланың Привокзальный мөлтек ауданынан Махамбет ауданының  шекарасына дейінгі  халыққа  медициналық  қызмет көрсетіледі. Емханада   тұрғындарға  сапалы емдеу- профилактикалық  қызметін көрсетуді жақсартуда  айтарлықтай  істер  бар. Стационарлық емдеу, жедел жәрдем қызметтері  жетілдіріле  түсті. Пандемия індетіне орай медициналық  қызмет көрсету   жүйесін қайта құрып,жетілдіру,өткен қиындықтардан  сабақ  алып, алда болдырмау бағытындағы іс-шараларды бас  дәрігер Айман Өтегенова айтып берді.

    Білікті  менеджер басшы,іскер бас дәрігер Өтегенова Айман Бағытжанқызы, 1964 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында дүниеге келді.  1971 жылы Гурьев қаласының №1 В.И.Ленин атындағы орта мектепке барып, 1981 жылы  бітірді. 
      1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетіне түсіп, 1988 жылы бітіреді.  Одан  соң  2006  жылы Атырау   мұнай  және  газ  институтын  экономист мамандығы  бойынша бітіреді..Енбек жолын  Гурьев қаласының облыстық клиникалық ауруханасынан дәрігер терапевт болып бастады.
    1993 жылы эндокринолог мамандығына қайта даярланудан өтіп, облыстық аурухананың эндокринология бөлімінде дәрігер эндокринолог болып жұмыс жасады. 2002 жылдан Атырау теміржол ауруханасына ауысып  бөлім  меңгерушісі және  директордың емдеу ісі жөнінде орынбасары болып тағайындалады. 
    2004  – 2009 жж Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау Депараментінің мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз  ету бөлімінің бастығы. 2009 жылы – 2012 жылдары Атырау облысы бойынша Медициналық  және фармацевтикалық қызметті бақылау Департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бастығы.2012 жылдың сәуір айынан Атырау қаласының №3 емханасының бас дәрігері болып тағайындалды. 
Жоғары дәрежелі медицина ұйымдастырушысы, жоғары дәрежелі дәрігер терапевт.
ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қазақстан Даңқ орденімен  және Облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттік медальмен марапатталды. 

     Nur Otan» партиясының жалпыреспубликалық ішкі сайлауында дауыс беруге санаулы күндер қалды.  Ел тарихында алғаш рет дауыс беру электрондық түрде өтеді. Партияішілік іріктеу «Nur Otan»-ға жаңа адамдардың келуіне бірден-бір себепкер болуда. Тамыз айының өзінде 25 мың адам партия қатарына қабылданған. Осылайша партияішілік іріктеу кезінде «Nur Otan» қатарына 41,2 мыңға жуық азамат қабылданған. 

    Тіркеу нәтижесі бойыша партияішілік іріктеуге 11 мыңға жуық үміткер қатысуда. Еліміз бойынша орта есеппен бір орынға төрт адам үміткер болып отыр. Кандидаттардың 70%-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас. Кандидаттардың рейтингісі бар праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады деп күтілуде.

    Бас дәрігер Айман Өтегенова  АИГИ  педагогтарының  мазалаған сауалдарына жауаптарын берді. Профессор-оқытушылар үміткерге ақ тілектерін айтып,сайлауда  сәттілік  тіледі.

    Атырау облысында праймериз  додасына қатысушы  өз ісінің білікті майталмандары  аз емес,солардың алдыңғы легінде  білікті дәрігер,іскер менеджер,Атырау  қалалық  №3 емханасының бас дәрігері Айман Бағытжанқызы  Өтегенованың жөні  бір бөлек.  Халық денсаулығы  үшін жарғақ құлағы жерге  тимей жүрген  дәрігерімізге бір  адамдай ұйымшылдықпен  дауыс берейік!- дегіміз келеді.

Ермек Биғалиев,

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз  қызметі