«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: АИГИ-ге СЫЙҒА КІТАПТАР

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Рухани жаңғыру» орталығы мен орталық кітапханасына Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында даярланған «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты шығарған ғалымдар Ж.С.Аубакирова мен А.Н.Алексееенконың «Демографиялық тарих контексіндегі қазақтар» монографиясын және «Қоғамдық сананы жаңғырту:тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» атты жаңа шығарылған кітаптарын сыйға тартты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасымен әзірленген жаңа монографияда өткенге шолу аясында қазақ этносының демографиялық тарихы берілген (XIX ғ. аяғы – XXI ғ.). Қазақтардың демографиялық тарихының негізгі кезеңдері мен аумақтық ерешеліктері тұтастай Қазақстан халқының дамуы контексінде анықталған. Қазақ этносының әлеуметтік-мәдени өлшем шарттарына негізделген егемен демографиялық жүйесін құру алгоритмі көрсетілген.

Монографиялық кітапта 100 жылдағы қазақ халқының демографиялық тарихы (ХIХ ғасыр соңы – ХХғасыр соңы) ,егемендік жылдарындағы қазақ халқының демографиялық тарихы,Қазақтар және кеңестік демографиялық жүйенің дағдарысы (1989-1999 жж), Егеменділік жағдайындағы демографиялық жүйенің ерекшеліктері: қазақ этносының шешуші рөлі (2009- 2019 жж.) тақырыптарына талдаулар жасалған.

Ал «Қоғамдық сананы жаңғырту:тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» кітабында «Қоғамдық сананы жаңғыртудың теориялық және тарихи жақтары», «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ережелерін тұжырымдамалау және ілгерілету», «Қазіргі кезеңдегі бағдарламаны ілгерілетуге әдіснамалық тәсілдер» тарауларында осы бағыттарда жинақталған тәжірибелерді теорияландыру және бағдарламаны институттандыру бойынша тұтас картина қалыптастыру әрекеттері жасалған.

Кітаптардың екеуі де екі тілде дайындалған. Олар институтымыздың профессор-оқытушылары мен студенттері үшін таптырмас оқу құралы. Мұнда өте қажетті мағұлматтар, мысалдар,методикалық әдістер жеткілікті. АИГИ «рухани жаңғыру» орталығы мен орталық кітапханасында бұл кітаптармен танысып,оқуға болады.

АИГИ Баспасөз қызметі.