«СУ ТҮБІНДЕ жатқан тас, ОЙ толқытса ШЫҒАДЫ»,
ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ Ақылбек Ахметовтың ЖАҢА КІТАБЫНАН туған ой
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ғылым және халықаралық мәселелер бойынша проректоры, көрнекті ғалым,педагогика ғылымдарының докторы,профессор Ақылбек Қабиұлы Ахметовтың «Өмір өрнектері» атты жаңа кітабы баспадан шықты. Ядролық физика ,математика ғылымдары саласы бойынша танымал ғалым, ұзтаз-педагог Ақылбек Қабиұлы бұл ғұмырбаяндық еңбегінде өмір белестері,білім алуы мен ғылым жолындағы зерделі ізденістері, еңбек жолының тағлымды кезеңдерін деректі және толғаныс тұрғысынан шынайы баяндайды.
Естелік –бұл ерте заманнан келе жатқан байырғы жанр. Ата-бабаларымыздың тарихи мәнді жолын,дәстүрлері шежірелерін түзіп,маңызын жоймаған әңгімелері мен әулеттің дуалы ауызды атақты адамдарының өмір жолдары мен өнегелі өмірлерін дәріптеп,жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен бұл кітабында ғалым.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыр жылдары Теңіз ауданында қазақ ауылында дүние есігін ашып, балалық шағы қиындықтың сұмдықтарын көрген барша халық секілді тұрмыстың ауыртпалықтарын иығымен көтеріп, тәрбиеленген, зеректігімен, еңбекқорлығымен білім алып,еңбек етіп,ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен Ақылбек Қабиұлының айтары да көп екен.Бес тараудан,250 беттен тұратын мазмұнды кітапта «Туған жер,өскен орта», «Білім сапарында», «Ғылым жолында», «Маңғыстау жерінде», «Жылдар жемісі», «Ядролық физиканың жілігін шаққан ғалым», тағы басқа тақырыптармен жарияланған бөлімдерден көп мәліметтер,ой толғамдарын алуға болады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында анасы Аюпова Ағзиланың ерлікке пара –пар істер атқарғанын бүгінде көп ешкім біле бермейді.1944 жылы жас қыз Ақзила есте қаларлық ерлік жасаған.Сол жылы неміс фашистері соғыста тұтқынға түскен мұсылман солдаттардан әдейі легиондар жасап,кеңес еліне жібергенде,десанттардың бір тобы Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданының «Қызыл ту» колхозы маңына түскенде,оларды қолға түсіруге белсене шығып,әрекет еткен комсолол мүшесі Ағзила Аюпова болыпты.
Ал әкесі Қаби Ахметов колхоз басшысы болып жүргенде өткен ғасырдың елуінші жылдары елде жұт болып,қоғам малы көп қырылған сәтте қызыл империяның тоталитарлық саясаты жағдайында басшыны кіналап,түрмеге жабылып,хабарсыз кетеді. Ержүрек анасының арқасында жетімдік көрмей , шыңдалып өскен Ақылбек Қабиұлы бүгінде елге танымал үлкен ғалым.Елу жылдық педагогтық өміріндегі ұстаздық қылған мыңдаған шәкірттері қазір төрткүл дүиенің әр бұрышында өз салалары бойынша еңбек етіп жүр.
Кітап аға ұрпақ дәстүрлерін жалғастырушы жастарға,сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған. Жаңа кітабыңыз құтты болсын,шығармашылық еңбегіңіз шалқи берсін!
АИГИ Баспасөз қызметі.