«Вакцина салдырып – бағалы сыйлықпен тегін жолдама ұтып ал»

Елімізде короновирус індеті өршіп тұрған кезде, covid-19-ға қарсы вакцинацияланудың деңгейін жоғарлату мақсатында Атырау инженерлік – гуманитарлық институт студенттерімен оқытушылары үшін «Вакцина салдырып – бағалы сыйлықпен тегін жолдама ұтып ал» акциясын жариялайды.
Аталмыш акция аты шулы аурудың алдын алып, 2020 – 2021 жылғы оқу үрдісін қалыпты күйге келтіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Екпе алған әрбір институт студенттерімен оқытушылары үшін ұтыс-ойындары өткізілетінің хабарлаймыз.
• Екпе алған 10 студентке жатақханаға тегін тұруға жолдама;
• Екпе алған студенттерге фитнес, бассейн залдарына 30% жеңілдікпен сертификат;
• Екпе алған студенттер үшін 2 ноутбук, 3 заманауи ұялы телефон сыйға беріледі;
• Екпе алған оқытушылар үшін институт атынан тегін шипажай демалыс орнына жолдама.

60% білім алушылар мен оқытушылар осы жылдың тамыз айының 25-ші күніне дейін вакциналаудан өткен жағдайда акция іске асырылады.

Акцияға қатыс!
Қауыпты вирусты бірлесіп жеңеміз!
Қалыпты оқуға көшеміз!