«ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР» Академиясында- АИГИ оқытушылары.
“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» жобасы аясында өткізілген республикалық байқаудың қорытындысымен білім беру мен ғылым саласында жоғары табысымен көрінген Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының бір топ профессор-оқытушылары «BILIM –ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР» Академиясының құрамына қабылданып,жұмыс тобына қосылды.
Аталған академияда Қазақстан Республикасының білім саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен бетке ұстар ұлағатты ұстаздар мен үздік педаготар жинақталып ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосады. Олардың қатарына білікті ұстаз болуды өзіне айқын мақсат етіп қойған,бүгінде көп жылдық педагогтық тәжірибесі бар,өз істерінің кәсіби мамандары атанып жүрген, АИГИ-дің Экономика-гуманитарлық факультетінің деканы, география ғылымдарының кандидаты,профессор Мағыпар Саламатұлы Қуанов, «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы меңгерушісі,техника ғылымдарының кандидаты,профессор Мұрат Ликарұлы Ликаров, «Информатика,автоматтандыру және басқару»кафедрасының аға оқытушысы,магистр Қалима Қабидетқызы Байжасарова қосылды.
“Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы
директоры А.Б.Сатылғановтың АИГИ-ге келген құттықтауында: «Академия құрамында жұмыс жасау арқылы Сіз өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді шыңдап,ғылыми әлеуетіңізді күшейтесіз,еліміздегі білім және ғылым саласының дамуына өзіңіздің үлесіңізді қоса аласыз! Сізге және сіздің ұжымыңызға білім шыңындағы жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілек білдіреміз!» -делінген. АИГИ ректораты «Үздік педагогтар» Академиясына мүше болған әріптестерді шын жүректен құттықтап,жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында қажымас қайрат,үлкен жетістіктер тілейді!
АИГИ Баспасөз қызметі.