Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Рухани жаңғыру» орталығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және Ғылыми кеңесінің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауында айқындалған басымдықтарды талқылауға арналған бірлескен мәжілісі үстіміздегі жылғы 7 қыркүйекте өткізілді.
Кеңейтілген мәжіліске барлық профессор-оқытушылар құрамы мен бөлімдер басшылары,білім алушылар, Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Садыкова Людмиля Семеновна және Азербайжан этно-мәдени қоғамдық бірлестігі төрағасы Аббас Якубоглы Иманов жиналысқа қатысты.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ректоры,ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Е.У.Ихсанов мәжілісті ашып, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан білім мен ғылым салаларын дамыту міндеттері туралы айтып,кіріспе сөз сөйледі.
«Рухани жаңғыру» орталығы директоры Ермек Аққалұлы Биғали «Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Алма Түсіпқызы Бисекенова «Білім саласындағы жоғары талап » тақырыбында Жолдауда айтылған міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдары туралы ұсыныстарын баяндады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі,педагогика ғылымдарының кандидаты Арайлым Кенжеғарина «Жолдаудың негізгі басымдығы –азаматтардың әл-ауқатын арттыру» туралы баяндады.
Автоматика,телекомуникация және басқару кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы,докторант Гүлжүзім Хамитқызы Меңдіғалиева «Сын кезеңдегі серпін» тақырыбында мазмұнды әңгіме айтты.
Кеңейтілген мәжілісте Облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас маманы Садыкова Людмиля Семеновна және Азербайжан этно-мәдени қоғамдық бірлестігі төрағасы Аббас Якубоглы Иманов жиналысқа сөз сөйледі.
АИГИ Баспасөз қызметі.