Кәсіпкерлік-ерекше экономикалық құбылыс. АЛ ОНЫ БІЗ ҚАЛАЙ ОҚЫТЫП ЖҮРМІЗ?

Кәсіпкерлік -азаматтық қоғамның тірегі,-деп,Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезінде атап көрсеткен еді.

«Қазір даурықпа даңғазаның, құр ұраншылдықтың уақыты емес, нақты істің, нақты сапаның уақыты. Сондықтан ол нарыққа ебі жоқ, қабілетсіз адамның құтын қашырғанымен, амалы көп, алғыр, білгіш адамдардың жұмысын жандандырады. Әсіресе қазіргідей дағдарыс тұсында тек бәсекеге қабілеттілер ғана қиыншылық көрмей, дағдарыстан кейін өркендеп өсетін болады. Сондықтан жаһандану дәуірінде Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін біздің тауарларымыз да сол мақсатқа сай болуы керек. Бұл ретте біз отандық кәсіпкерлерді барынша қолдап келеміз. Өйткені, кәсіпкерлік — азаматтық қоғамның тірегі», деген Н.Назарбаев оған үлкен маңыз беріп те келеді. Осы ретте Атырау инженерлік-гуманитарлық институты да кәсіпкерлік мәселесін арнайы пән етіп оқу бағдарламасына енгізген болатын.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында үстіміздегі жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасындағы Ғылым күніне арналған Апталық шаралар аясындағы онлайн форматындағы ғылыми-практикалық конференция осы кәсіпкерлік мәселесіне арналды. Конференцияны Экономика және кеден ісі кафедрасы ZOOM платформасында өткізіп, қашықтықтан оқытудың өзекті проблемаларының бірі кәсіпкерлік пен оның заңдылықтары хақында әңгіме өрбітті.

Кафедра меңгерушісі,заң ғылымдарының кандидаты Алмас Жасенұлы Садықов «Кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында баяндама жасап, кәсіпкерлік құқық , кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар туралы айтты. Кәсіпкерлік құқықтық пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтитынын жеткізді.

Кафедра меңгерушісінің орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Арайлым Кенжеғарина «Ұлы ақын Абай мұрасының тағылымдық мәні» тақырыбында баяндады. Ақынның 175 жылдық мерейтойына орай білім алушыларға қашықтықтан дәрістер беру аясында баяндалған тақырыпта кемеңгер Абайдың әдеби-танымдық мұралары турасында мазмұнды әңгіме айтылды.
Онлайн-конференцияға қашықтықтан профессор-оқытушылар, студенттер, оқытушы-магистранттар, жас ғалымдар қатысып байланыста отырды.
Онлайн-конференция соңында пікір-тілектер,ұсыныстар айтылды. АИГИ оқу- әдістемелік мәсілелер жөніндегі проректор Жамиля Хасанова онлайн форматындағы ғылыми-практикалық конференциялар бүгін үшінші күн өтіп ,күннен-күнге тәжірибелеріміз толысып, өзекті мәселелер талданып жатқанын айтты.
«Кәсіпкерлік те ғылымның бір саласы,мемлекетіміздің басшылығы бұл салаға ерекше маңыз беріп отырғанын білесіздер.Осы кәсіпкерлік мәселесіне арнайы пән ашып,сабақтар,семинар-тренингтер өткізіп келеміз.Солай десек те бүгінгі онлайн-конференция әлі де жетілдіре түсуді қажет ететінін айту керек. Біздің экономика және кеден кафедрасы институттағы ең үлкен, білікті кадрлары көп ұжым…-деді Жамиля Садыққызы.

Институттың ғылым және халықаралық байланыстар бойынша проректоры Ақылбек Ахметов кә сіпкерлік саласы ауқымы кең екенін, баяндамашы жаксы әңгіме айтқанымен жергілікті накты мысалдар аз болғанын,ал ұлы Абай бүгінгі үлкен тақырып,оның өсиеттерін бүгінгі өмірмен байланыстыра жеткізу керектігін айтты.

Айта кетейік, АИГИ профессор-оқытушылары мен студенттерінің Ғылым апталығы барысындағы онлайн-конференцисы сәуір айының 13-18 аралығында бірнеше тақырыпта өтеді.
Кашықтықтан білім технологиясы аясында өтіп жатқан онлайн-конференцияларды ең үздік өткізгендерге, ең үздік баяндама жасағандарға апталық қорытындысымен сыйлықтар берілетін болады.

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply