АИГИ ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының (АИГИ) профессор-оқытушылар құрамы еліміздегі Төтенше жағдайдағы карантиндік шаралар кезінде қашықтан білім беру техологиялары мен техникаларын терең меңгерумен қатар , онлайн режимінде жұмыс жасай отырып, өздерінің білім және ғылыми имидждік деңгейлері мен педагогикалық -практикалық іс- тәжірибелерін арттырумен де айналысуда.

Соның жарқын куәсі институттың аға оқытушысы, магистр Гүлжүзім Хамитқызы Меңдіғалиева Қазақстан Республикасы «Ұлағатты ұстаздар әлемі», «ulagatty-ustaz.info» сайты ұйымдастырған «Педагог портфолиосы» номинациясындағы «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК-2020» байқауындағы қашықтан экспресс-конкурста 1-ОРЫН жеңіп алып, Дипломмен марапатталды.
Әріптес педагог, зерттеуші ғалым-магистр Гүлжүзім Хамитқызын Қазақстан ұстаздары арасындағы іргелі байқаудағы жеңісімен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ректораты құттықтайды! Алда да шығармашыл-ғылыми,педагогикалық биік белестерден көрінуіне тілектестіктерін білдіреді.

Leave a Reply