АИГИ   профессор-оқытушылары-конкурстардың  жеңімпаздары!

Ұстаздар күнімен!

БІЛІМ  МЕН  ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДАҒЫ

ЕЛЕНГЕН   ЕҢБЕК

       АИГИ   профессор-оқытушылары-конкурстардың  жеңімпаздары!

2020-2021 жаңа оқу  жылының басында  жақсы жаңалықтарымызды жайып салу парызымыз.  Ия,биылғы  жылы  елімізде ауыр індет- короновируспен  күрес науқанына  орай  өзіндік қиындықтарымен  жүрсе де  жоғары  оқу орындарында  білім  мен тәрбие беру  үрдістері  бір сәтке де  тоқтаған  жоқ. Мұны  Атырау  инженерлік-гуманитарлық  институтының білім мен тәрбие беру,ғылымды дамытудағы  жұмыстары  барыстарынан  айқын  көресіз.

Институт профессор-оқытушылар  құрамы карантин уақыты басталған  наурыз  айынан  бері  студенттерге   қашықтан  білім беріп,оның  жаңа методологиялық  әдіс-тәсілдерін  толық меңгеріп, өткен  оқу  жылын  жақсы нәтижелермен  аяқтаған  еді. Оқытушы-профессорларымыз  қашықтан  жұмыс жасай отырып,республикалық  ғылыми-практикалық  жобалар,имидждік шаралар  мен  байқау-конкурстарға  да  белсенді  қатысып және  өткізіп  келеді.

Осындай    жақсы шараның  бірінде   Атырау инженерлік-гуманитарлық  институтының «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары»  кафедрасы  меңгерушісі,профессор  Мұрат  ЛИКАРОВ Қазақстан   республикасының   Білім және ғылым комитеті,Мемлекет тарихы институты  мен Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігінің  «Білім беруді  жаңғырту  орталығы» және«Bilim orkenieti»  ұлттық  иновациялық  ғылыми-зерттеу  орталығының  ұйымдастыруымен  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты   бағдарламалық  мақаласын  білім беру  ұйымдарының  педагогтары  мен оқушылары,ЖОО және колледж оқытушылары  мен студенттері  арасында  кеңінен  насихаттау  мақсатында  өткен «Қазақстанның үздік ғылым  кандидаты -2020» атты республикалық байқауында   жеңімпаз атанып, БІРІНШІ  ДӘРЕЖЕЛІ  ДИПЛОММЕН  марапатталды. Білім беру мене ғылымды дамытудағы елеулі үлесі үшін   Мұрат  Ликарұлы  «Қазақстанның үздік ғылым  кандидаты -2020»атты арнайы  төсбелгіні  де  иеленді.

Осындай  республикалық  айтулы байқау-конкурстарға  биыл  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының бірнеше  оқытушылары  мен зерттеуші  ғалымдары   қатысып  жоғары нәтижелерге  жетті. Атап айтсақ,  аға оқытушы   СҰЛТАНОВА  Ғайни Төкенқызы  «Жоғары оқу орнының үздік  педагогы -2020» атты  Республикалық байқауының  жеңімпазы атанып, Бірінші дәрежелі  Дипломмен, ал «Тіл  және әдебиет пәндері  бойынша оқытушылар дайындау»кафедрасы  кафедрасы меңгерушісі.PhD докторы  ҚАҚПАНБАЕВА Нұрайна Мелісқызы  «Қазақстанның  үздік ғылым кандидаты-2020» республикалық байқауының  жеңімпазы атанып, білім мен ғылым саласына қосқан елеулі  еңбегі үшін  Бірінші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Ал Атырау инженерлік-гуманитарлық  институтының  оқытушысы,магистр НИЗАМЕДЕНОВА Дана  Исатайқызы  «Қазақстанның үздік  ғылым  магистрі-2020» атты республикалық байқауында   жеңімпаз атанып, БІРІНШІ  ДӘРЕЖЕЛІ  ДИПЛОММЕН  марапатталды.

Институттың  аға  оқытушысы ,магистр Гүлжүзім  Хамит қызы   МЕҢДІҒАЛИЕВА   Қазақстан Республикасы   «Ұлағатты  ұстаздар  әлемі»,   «ulagatty-ustaz.info» сайты ұйымдастырған  «Педагог   партфолиясы»  номинациясындағы   «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК-2020» байқауындағы  қашықтан   экспресс-конкурста  1-ОРЫН жеңіп алды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  «Сындарлы  қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы  мен өркендеуінің негізі»  атты  ел  халқына  арналған  Жолдауын  білім беру  ұйымдарының  педагогтары  мен білім  алушылары арасында  кеңінен  насихаттауы  мақсатында  «Дарынды  оқушылардың қабілеттерін айқындау, дамыту»  жобасы аясында  өткен  осынау республикалық үлкен  байқауларда  жүздеген  таңдаулылар арасынан  АИГИ оқытушылары  Ликаров  Мұрат Ликарұлының, Сұлтанова  Ғайни  Төкенқызы  мен  Қақпанбаева Нұрайна  Мелісқызының, НИЗАМЕДЕНОВА Дана  Исатайқызы мен  Гүлжүзім  Хамитқызы  МЕҢДІҒАЛИЕВАНЫҢ    ғылыми- жобалық  жұмыстары  үздік танылуы  АИГИ   педагогикалық  ұжымның  абыройы, тәжірибелі педагогтарымыздың   ізденісті   еңбектерінің  жемісі.

Айта кетейік, аталмыш республикалық байқауларды  Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым  министрлігінің  Ғылым комитеті,Мемлекет тарихы  институты мен  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Нұр-Сұлтан  қаласының  Білім  беруді жаңғырту  орталығы және  «Білім өркениеті»   ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп  қашықтан,онлайн  форматында мұғалімдердің интеллектуалдық ой-өрісін,  білім деңгейін тексеруі, өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасауы,  білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыруы,ғылыми- инновациялық жұмыстарда кәсіби батылдығын және дербестігін дамыту  мақсатында  өткізген  болатын.

Атап өту керек, Атырау инженерлік-гуманитарлық  институтында   көптілді білім беру жобасы әзірленді. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқытужәне дуальды оқыту  бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған  тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.

«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын  тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Әріптес педагогтарымызды  Бүкіл Дүние жүзілік Ұстаздар күнімен  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  ректораты шын жүректен   құттықтап,жас ұрпаққа  сапалы  білім  мен саналы  тәрбие  беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту   жолында  үлкен табысты қадамдар тілейді.    Ұстаздарымыздың  игерген  заманауи  терең  білімдері  мен жақсы  тәжірибелерін  білім алушыларға  жеткізуде  табысқа  жетулеріне тілектестіктерін білдіреді!

АИГИ Баспасөз қызметі.