АИГИ РЕКТОРЫ Ерсайын ИХСАНОВ: «БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ОҚУДЫ СӘТТІ АЯҚТАУЫНА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА»

Елдегі Төтенше жағдайдағы карантиндік шараларға орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (АИГИ) қашықтан оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, биыл институтты бітіретін түлектердің оқуды сәтті аяқтауына барлық жағдайлар жасалуда,-деп атап көрсетті ректор, профессор Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов 27 сәуір күнгі студенттермен онлайн кездесуде.

– Кездесудің басты мақсаты – міне алты аптадан асты карантин жағдайында қашықтан оқытып жатқанымызға, студенттердің жағдайын, олардың жаңа оқу технологиясын қалай игеруі, компьютер, басқа да техникалық құрылғылар және интернет желісімен жабдықталуын білу. Біздің студенттеріміздің біразы ауылдық жерлерде, облыстан тысқары аймақтарда тұратындар. Біз олардың оқу бағдарламасын жақсы игеруіне барынша жағдай жасауымыз керек,-деді Ерсайын Уалитханұлы.
Онлайн кездесу ZOOM платформасында өтті,оған АИГИ – дің бітіруші және оқып жатқан студенттері, ата-аналар мен профессор-оқытушылар, барлығы 150-ге тарта адам онлайн режимінде қатысты.
Қатысушылардың қашықтан оқу, карантин кезінде емтихандарды тапсыру, жазғы сессия және оқу бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттесатциясы, дипломдық жұмыстарды қорғауы және басқа да мәселелерге орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, профессор Ерсайын Уалитханұлы ИХСАНОВ жан-жақты жауап берді.
Атап айтсақ, биыл АИГИ-ді 509 студент бітіреді деп күтілуде. Олардың 70 пайыздан астамы қазірдің өзінде дипломалды өндіріс-тәжірибелік жұмыстары есептері мен диплом алды қорғауды онлайн форматында жақсы тапсырды. Институтты бітірушілердің диплом жұмыстары антиплагиат бағдарламасымен тексерілуде.
Қашықтан білім беру технологиясы бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістеме-методикалық нұсқамасына сәйкес жүргізілуде. 13 мамырдан бастап институтта бітірушілердің диплом қорғауы басталады. Бітірушілерге диплом қорғауды үш вариантта іске асыруға болады. Олар: онлайн режимі, офлайн режимі және кейінге шегеріп,қалаған уақытта қорғау екендігі айтылды. Бітіруші түлек, мемлекеттік емтихан тапсыра ма, әлде оқу жылдарындағы бағаларының жиынтық (сумарный) балына қанағаттана ма тездетіп айтуға тиістігі түсіндірілді.
Ал қазір екінші, үшінші курстар студенттерінің өндіріс орындарындағы тәжірибелік сынақтары карантин уақыты біткенше кейінгі уақытқа қалдырылды.
Институт білім алушылардың барлық сұрақтары мен көкейкесті мәселелерін айтуына барлық уақытта онлайн жағдайында ашық екені, барлық мәселелер оңтайлы шешілетінін айтты ректор, профессор Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов.
Институт электронды почтасы: atyrau@aigi.kz . Call –Орталық:
8 701-741-51-58, 8701-596-56-46, 8701-656-09-18. Жазыңыз, хабарласыңыз!

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply