Қашықтан оқыту: Студент білуге тиіс нұсқама

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында (АИГИ) қашықтан оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, биыл институтты бітіретін түлектердің оқуды сәтті аяқтауына барлық жағдайлар жасалуда.

ZOOM платформасында қашықтан оқу, карантин кезінде емтихандарды тапсыру,жазғы сессия және оқу бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттесатциясы , дипломдық жұмыстарды қорғауы және басқа да мәселелерге орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,профессор Е.У. Ихсанов пен проректорлар,оқу-методикалық бөлімі жан-жақты түсініктер,методикалық нұсқаулар беруде.
Биыл АИГИ-ді 509 студент бітіреді деп күтілуде. Олардың негізгі бөлігі қазірдің өзінде дипломалды өндіріс-тәжірибелік жұмыстары есептері мен диплом алдын- ала қорғауды онлайн форматында жақсы тапсырды.
Қашықтан білім беру технологиясы бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістеме-методикалық нұсқамасына сәйкес жүргізілуде. 13 мамырдан бастап институтта бітірушілердің диплом қорғауы басталады.
Бітірушілерге диплом қорғауды үш вариантта іске асыруға болады.Олар: онлайн режимі, офлайн режимі және кейінге шегеріп,қалаған уақытта қорғау екендігі айтылды.Бітіруші түлек, мемлекеттік емтихан тапсыра ма,әлде оқу жылдарындағы бағаларының жиынтық (сумарный) балына қанағаттана ма тездетіп айтуға тиіс.
Институт электронды почтасы: atyrau@aigi.kz .Call –Орталық:
8 701-741-51-58, 8701-596-56-46, 8701-656-09-18. Жазыңыз,хабарласыңыз!

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply