«3Д мультимедиялық интерактивті IT-Стартап» жобасын таныстырды

АИГИ институтында «3Д мультимедиялық интерактивті онлайн-курстардың IT-индустриясы» тақырыбында IT-Стартап жобасын таныстыруға арналған таяуда мини-конференция өтіп, жобаның презентациясы болды. Осы жоба өз тиімділігін көрсетсе алдағы уақытта ол институт өндірісіне ректор, профессор Е.У .Ихсановтың жетекшілігімен енгізілетін болады.

АИГИ ректорының кубогы үшін шахмат фестивалі

«Ғ.А.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы» қоғамдық бірлестігі мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бірлесіп АИГИ ректорының Кубогы үшін дәстүрлі облыстық Х шахмат фестивалі өтті. Оған облысымыздың әр түпкірінен 8 жастан 80 жасқа дейінгі 64 шахматшы қатысты.